ҚХФ арбитрлерінің жиындары аяқталды

21 tamyz
1174

Нұр-Сұлтанда алдағы маусымда Pro және Jastar Hokei Ligasy матчтарында жұмыс жасайтын төрешілердің жиындары болып өтті.

Айтып өтетін жайт, кезекті рет ОЖЖ-ға Құрлықтық хоккей лигасының вице-президенті және бас арбитр Алексей Анисимов қатысты. Ол Халықаралық хоккей федерациясы қағидаларындағы өзгерістер, сонымен қатар төрешілер жұмысының жаңа әдістемесі туралы айтып берді.

Әдеттегідей жиындар бағдарламасы теориялық және практикалық бөліктерден тұрды. Қатысушылар қағидаларды білуін анықтайтын, дене дайындығы бойынша тесттерді тапсырды. Мұздағы жаттығулар аясында алғаш рет электронды тестілеу жүйесі қолданылды.

- Жиындар конструктивті формада өтті, - дейді Республикалық жарыстар өткізу бойынша бас маман Сергей Радюк. – Жиындар қорытындысы бойынша Жастар лигасындағы бірқатар арбитрлер Pro Ligasy матчтарына тағайындалды. Екі арбитр желіліктен бас төрешілікке өтті. Сондай-ақ біздің төрт арбитріміз ҚР Президенті кубогінде ҚХЛ-дың жетекші төрешілерімен бірге қызмет етіп, баға жетпес тәжірибе жинақтады. Жігіттердің барлығы маусымға жақсы дене дайындығымен және тамаша көңіл күймен келді.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.