Бейбарыс пен Номадтың жігерлі жеңістері, Глухихтің қатарынан екінші хет-тригі, Алматы Горняктан басым түсті

16 qazan
240

Жұма күні Pro Ligasy аясында төрт кездесу жоспарланған.

«Ертіс» өз алаңында «Торпедоға» тағы да лайықты қарсылық көрсете алмады. Артур Глухих қатарынан екінші матчта хет-трик жасады. Қонақтар сапында Эрик Алдабергенов пен Михаил Рахманов екі голдан соқты. Артур Ғатиятов төрт нәтижелі пас берді.Осылайша, өскемендіктер ағымдағы маусымдағы 15-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар олар лигадағы ең нәтижелі команда болып отыр.

«Ертіс» - «Торпедо» 1:12 (1:1, 0:5, 0:6)

0:1 - 00:31 - Гренц (Хорошев)

1:1 - 15:22 - Евлоев (Акпирганов, Пидяшов)

1:2 - 20:13 - Алдабергенов (Александров, Гренц)

1:3 - 23:45 - Колобов (Гатиятов)

1:4 - 26:04 - Бутенко (Боровиков, Гатиятов)

1:5 - 29:15 - Жирнов (Гатиятов, Каиров)

1:6 - 32:06 - Боровиков (Бутенко, Гатиятов)

1:7 - 42:27 - Глухих (Рысбеков, Сағымбаев)

1:8 - 55:48 - Рахманов (Алдабергенов, Панченко)

1:9 - 57:52 - Глухих (Рысбеков)

1:10 - 59:13 - Рахманов (Жирнов, Якушкин)

1:11 - 59:43 - Глухих (Рифель, Рысбеков)

1:12 - 59:55 - Алдабергенов

Қақпашылар: Коваль (Челайдюк, 42:27-60:00) - Осокин

«Бейбарыс» Атырауда «Құлагерді» жігерлі жеңіспен ұтты. Алаң иелеріне жеңіс сыйлаған шешуші кезеңде Мұса Гусейнов пен Егор Дорофеев көзге түсті. Батысқазақстандықтардың қақпашысы Роман Шефер тамаша ойын көрсетіп, қақпаға бағытталған 45 соққыны қайтарды.

«Бейбарыс» - «Құлагер» 2:1 (0:1, 0:0, 2:0)

0:1 - 01:28 - Попитич (Исмагилов, Воробьёв)

1:1 - 43:12 - Гусейнов (Ананичев, Еркінов)

2:1 - 48:12 - Дорофеев (Авдеенко, Саввин)

Қақпашылар: Шефер - Янков

«Ақтөбе» Максим Базановтың көмегімен «Номадқа» қарсы кездесуде есеп ашты. Алайда одан кейін елордалық команда қарсыластар қақпасына қатарынан төрт шайба соғып, матчты жігерлі жеңіспен аяқтады. Қонақтар сапында Даниил Цыбин (2+1) мен Александр Мигунов (1+2) үш ұпайдан жинады.

«Ақтөбе» - «Номад» 3:5 (1:3, 1:1, 1:1)

1:0 - 03:38 - Базанов (Хоменко, Құрсақбаев)

1:1 - 13:07 - Гросс (Мигунов, Утеев)

1:2 - 14:30 - Цыбин (Умеренков, Утеев) ГБ

1:3 - 17:31 - Цыбин (Мигунов, Макаров)

1:4 - 28:38 - Сүлейменов (Бейсембаев, Цыбин)

2:4 - 31:57 - Козорез

3:4 - 48:38 - Калиниченко (Козорез, Герасимов)

3:5 - 58:02 - Мигунов ПВ

Қақпашылар:Костюков - Дударкиев

«Алматы» «Горнякпен» өз алаңында өткен қатарынан төртінші кездесуде екінші кезеңді сәтті өткізіп, ағымдағы чемпионаттағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Алаң иелерінің капитаны Евгений Рымарев дубль жасады. Оңтүстік астана командасының үш нәтижелі шабуылына Артём Бурделёв қатысты.

«Алматы» - «Горняк» 5:2 (1:0, 4:1, 0:1)

1:0 - 15:25 - Литовченко (Бурделёв, Корчагин)

2:0 - 22:24 - Рымарев (Бурделёв, Афлитонов)

3:0 - 24:03 - Двуреченский (Афлитонов, Рымарев)

4:0 - 24:58 - Бурделёв (Литовченко)

5:0 - 30:52 - Рымарев (Петраков, Двуреченский)

5:1 - 39:42 - Шингареев (Куршук, Юлбарисов)

5:2 - 49:59 - Лазарев (Пархоменко, Кротов)

Қақпашылар: Шпилев - Никитин (Шинковский, 32:05-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.