Назарларыңызға Pro Ligasy чемпионатының кезекті аптасының басты кейіпкерін ұсынамыз.
«Торпедо» өткен аптаны сәтті өткізіп, қатарынан үш жеңіске жетті және лиганың турнир кестесінде екінші орынға нық орнықты. Ал Артур Глухих бірегей жетістікке қол жеткізіп, қатарынан екі матчта хет-трик жасады. Жалпы, ол үш кездесудің барлығында ұпай жинап (6+1), осы кезеңді +6 пайдалық көрсеткішімен аяқтады. Бір қызығы, алты гол соғу үшін оған небәрі 11 соққы жеткілікті болды – соққыларды голға айналдыру көрсеткіші 54,55%-ды құрады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Gornyak