Қазақстан чемпионатының батыстағы матчтарын назарда ұстаймыз.
«Құлагермен» өткен қарымта кездесуде «Бейбарыс» Юргис Дубинскас қорғаған қақпаны бұза алмады. Петропавлдық команданың қақпашысы қақпаға бағытталған 27 соққыны қайтарып, өз командасына ағымдағы чемпионаттағы оныншы жеңісін сыйлады. Қонақтар сапында Батыр Марқабаев гол соғып, нәтижелі пас берді.
«Бейбарыс» - «Құлагер» 0:5 (0:2, 0:1, 0:2)
0:1 - 09:49 - Исмагилов (Попитич, Мартынов) ГБ
0:2 - 14:21 - Серікболатов
0:3 - 23:49 - Марқабаев
0:4 - 40:53 - Анисимов (Борисов, Марқабаев) ГБ
0:5 - 51:05 - Сайко (Своеволин, Ербатыров)
Қақпашылар: Микушин - Дубинскас
«Номад» Ақтөбеден 4 ұпай алып қайтты. Елордалықтар нәтижелі өткен кездесуде өзімен аттас команданы жеңді. «Көшпенділер» сапында Хақназар Кеңесбай екі гол соқты, ал Кирилл Никитин серіктестеріне үш рет нәтижелі пас берді. Алаң иелері қатарында Максим Базанов мен Ян Хоменко үш ұпайдан жинады (екеуі де 1+2). Константин Пушкарёвтың шәкірттері лига кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды.
«Ақтөбе» - «Номад» 4:5 (0:1, 2:1, 2:3)
0:1 - 11:56 - Умеренков (Никитин, Цыбин)
0:2 - 21:27 - Кеңесбай (Китаров)
1:2 - 27:32 - Хоменко (Аипов, Базанов)
2:2 - 32:32 - Аипов (Базанов, Хоменко) ГБ
3:2 - 43:14 - Базанов (Хоменко, Курсакбаев)
3:3 - 46:58 - Бейсембаев (Никитин, Гросс) ГБ
4:3 - 47:10 - Захаров (Астраханцев, Трибунский)
4:4 - 48:40 - Кеңесбай (Мигунов, Китаров)
4:5 - 49:50 - Маңғысбаев (Никитин, Гросс) ГБ
Қақпашылар: Костюков - Шестаков (Лыткин, 39:56-40:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Gornyak