«Сарыарқаның» бас бапкері Петерис Скудра клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында өз командасының жаңа маусымға дайындығының бірінші кезеңі туралы айтып берді.
- Оқу-жаттығу жиындары басталды. Жаттығулар қалай өтеді?
- Біз қазір команданың жағдайын тексеріп жатырмыз. Жігіттерге жазғы бағдарлама берілді, тесттер жүргізіп жатырмыз. Жаттығу процесінің басында кімнің қаншалықты дайын екенін түсінуіміз үшін команданың ау-жайын байқаймыз. Жігіттерді қалжыратпай дайындағымыз келеді. Алға жүгіру барлығының қолынан келеді. Біз жұмысымызды үдеуге, бағытты ауыстыруға және динамикадағы түрлі жаттығуларға бағыттаймыз.
- Команда баса мән беретін негізгі аспект қандай?
- Біз түгелдей барлығын қамтимыз. Команда жаңарды. Жігіттердің көпшілігі жоғары көтерілді, бұл бізді қуантады. Бірінші кезекте біз іргетасты қалаймыз. Бұған дейін айтқандай, физиканы түрліше қалыпқа келтіруге болады. Таңнан кешке дейін жүгіре беруге де болады немесе оған мән қосып, жәй ғана жүгірмей, не үшін және қайда жүгіріп бара жатқанын ойлауға да болады. Сондықтан бірінші күннен-ақ жігіттерге мұнда қандай хоккей ойнайтындарын түсіндіруге тырысамыз.
- Жаңа ойыншылар туралы айтып берсеңіз.
- Олар туралы әзірге айту қиын, жігіттер енді келді. Құрам айтарлықтай жаңарды. Қатарымызға Ананичев, Боровков сияқты тәжірибелі хоккейшілер қосылғанына, Клещенконың оралғанына қуаныштымыз. Болашағы зор, жас хоккейшілер бар. Біз Лагуновтың әлеуетін көріп отырмыз. Жастар хоккей лигасынан шығып, ересектер хоккейіне дайын жас жігіттер көп. Команданың Қазақстан чемпионатына қатысатынына қарамастан, алда биік-биік межелерді күтіп отырмыз. Алда қызу маусым күтіп тұр, Қазақстан Кубогінен бастап, Құрлықтық кубок бар, басқа да қызықты турнирлер күтуде.
Сұхбаттың толық нұсқасымен «Сарыарқа» сайтында таныса аласыздар.