Білімбаев пен Марков Ақтөбеге өтті

28 mamyr
1886

Батыстық клубта іріктеу жұмысы қызу жүріп жатыр

«Ақтөбе» хоккей клубы өз командаларының құрамына ойыншылар қабылдауды жалғастыруда.

Клубтан жаңа келісімшарт ұсыныстарын Данияр Білімбаев пен Андрей Марков, шабуылшы Артём Сошников пен голкипер Владислав Тихонов алды.
2020-2021 маусымында Андрей Марков қарағандылық «Сарыарқа» құрамында Pro Ligasy чемпионы атанды. Өткен маусымда елордалық «көшпенділер» сапында ойнап, өз мансабындағы ең үздік маусымын өткізді: 46 ойында 18 ұпай жинады.

Павлодарлық хоккей мектебінің шәкірті Данияр Білімбаев «Ақтөбеден» ұсыныс алды. «Билли» бұған дейін тек Ертіс пен Мұнайшы қатарында өнер көрсеткен болатын. Өткен маусымның 44 матчында Данияр 6 нәтижелі ұпай алды.

Рудныйлық «Горняктың» шәкірті Владислав Тихонов үшінші маусым қатарынан қызыл-қаралардың намысын қорғағалы отыр. Егер «Ақтөбедегі» бірінші маусымында Тихонов оң-солын танып, 610 минут қана ойнаса, келесі маусымында бапкерлер штабының мол сеніміне ие болды. Нәтижесінде 1501 минут мұзда өткізіп, соққылардың 89%-ына тойтарыс берді.

Артём Сошниковтың қазақстандық хоккейде тәжірибесі мол. Шабуылшы Горняк, Бейбарыс, Ертіс сапындағы ойындарымен танылды. Ақтөбеде де нашар өнер көрсеткен жоқ. Өткен маусымда Артём -10 пайдалылық көрсеткішімен 52 матчта 8 ұпай жинады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.