Арлан Павлодарда жеңіске жетті

16 qarasha
100

Дүйсенбі күні Қазақстан хоккей чемпионатында бір матч жоспарланған.

Өскемендегі екі жеңілістен кейін «Арлан» сырт алаңда «Ертісті» жеңіп, есе қайтарды. Алғашқы кезеңнің өзінде алаң иелерінің қақпасына үш шайба соққан көкшетаулықтар кейін бұл басымдықты уысынан шығармады. Голдардың авторлары Әмірхан Шегебаев, Игорь Ищенко, Захар Захаров және Тамерлан Бейсембиев болды. Матвей Ершов өз қақпасына бағытталған 12 соққының барлығын қайтарды.

«Ертіс» - «Арлан» 0:4 (0:3, 0:1, 0:0)

0:1 - 07:29 - Шегебаев (Беляев, Бейсембиев)

0:2 - 18:15 - Ищенко (Кураков, Коротин) ГБ

0:3 - 19:44 - Захаров (Беляев, Шапоров)

0:4 - 38:07 - Бейсембиев (Шегебаев, Беляев) ГБ

Қақпашылар: Тихонов - Ершов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.