«Номад» 2026 жылғы Құрлықтық кубоктың екінші кезеңіндегі өнерін Данияның «Херлев Иглз» командасына қарсы матчпен аяқтады.
Абзал Әлібектің дублі мен Владислав Нуректің мінсіз ойыны «көшпенділерге» құрғақ есеппен сенімді жеңіс әкелді. Қазақстандықтардың қақпашысы барлығы 31 соққыны қайтарды. Батырлан Мұратов пен Кирилл Панюков әрқайсысы екі нәтижелі пас берді.
Осылайша, Константин Пушкарёвтің шәкірттері мүмкін болған 9 ұпайдың барлығын жинап, D тобының жеңімпазы атанды.
«Номад» – «Херлев Иглз» 3:0 (2:0, 0:0, 1:0)
1:0 – 03:15 – Әлібек (Мұратов, Шульга)
2:0 – 05:12 – Королёв (Панюков)
3:0 – 54:43 – Әлібек (Панюков, Мұратов) СБ
Қақпашылар: Нурек – Элмос
Фото – «Азиаго» ХК
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Torpedo
Arlan
Nomad
Saryarqa
Qulager