Трансферлік жаңалықтар. Арлан

19 mamyr
2372

Көкшетаулық ұжым келесі маусымға құрамды жасақтау бойынша жұмысты белсене жалғастыруда. Өткен кезеңде «Арлан» ақпараттық базасында тағы төрт келісімшартты тіркеді.

Атап айтқанда, «көкшеліктер» команданың басты ойыншыларының бірі Виталий Жиляковты сақтап қалды. Тәжірибелі форвард бұрынғыша алаңның екі жағында да бірдей пайдалы және кез келген жағдайда ойнауға қабілетті. Өткен маусымда Виталий көбінесе төменгі звеноларда ойнағанына қарамастан, нәтижелілігі үшін 30 балдық межеге жетті.

Александр Воробьёв көкшетаулық жұртшылыққа таныс, бұған дейін ол екі маусым бойы «Арлан» үшін ойнаған. Бапкерлер штабы әмбебап шабуылшыны шабуылдың ортасына да, қапталға да қоя алады. Өткен маусымда 52 балл жинаған Воробьёв «Бейбарыстың» үздік бомбардирі атанды.

Фёдор Хорошевпен келісімшарттың болашағы бар көрінеді. Тамаша сырғанап, жақсы соққылайтын епті қорғаушы өзін «Сарыарқада» жақсы көрсетті және қарағандылықтарға чемпиондыққа дейін жетуге көмектесті. Оның үстіне, ол біздің чемпионатқа бейімделіп үлгерді. «Құлагердің» атынан ойнаған кезде Хорошев амплуасына қарамастан, команданың үздік бомбардирлерінің бірі болатын.

Командаға өткен Қазақстан жастар чемпионатының үздік қорғаушысы, «Ястребы» сапында биіктен көрінген Игорь Залевский жаңа леп әкелуі тиіс. Маусым ішінде ол 76 ұпай жинап, Jastar Ligasy плей-оффының үздік бомбардирі атанды. Жас ойыншыға өзін ересектер деңгейінде байқап көретін кез келді.