Трансферлік жаңалықтар. Арлан

17 mamyr
2468

Назарларыңызға Pro Ligasy клубтарындағы соңғы трансферлік жаңалықтарды ұсынамыз.

Мамырдың соңының ньюсмейкері «Арлан» болды. Көкшетаулық клуб алдымен бапкерлер штабының толықтай ауысқанын жария етсе, енді ойыншылармен алғашқы келісімшарттары туралы айтып берді.

Басты жаңалық ретінде «көкшеліктердің» қатарына тәжірибелі Александр Шинның өтуін атауға болатын шығар. Өскемендік «Торпедоның» теңдессіз өкілі өзінің тұтас мансап жолын өзі өсіп-өнген командада өткізді, алайда енді Александр ортаны ауыстырып, Көкшетауға ауысуға бел буды. «Көкжалдардың» кейбір жанкүйерлері Шинның жасына қарап, онымен келісімшарт жасалғанына күмәнмен қарады. Алайда форвардтың бабында екенін оның статистикасы растайды. Өзінің 36 жасында ол өткен тұрақты чемпионаттың 44 ойынында 52 (15+37) балл жинады. Бұл – Лигадағы алтыншы нәтиже. Жалпы алғанда сегіз хоккейші ғана 50 ұпайды асыра алды.

Шинның звено бойынша ойынсеріктерінің бірі тағы бір тәжірибелі спортшы Владимир Маркелов болуы мүмкін. Шабуылшы дәл осы «Арланда» өз мансабын жаңғыртып, қазір командаға өз пайдасын тигізіп жүр. Өткен тұрақты чемпионатты айтарлықтай табысты өткізбеген шығар (27 ұпай, 12+15), алайда плей-оффта Владимир нағыз көшбасшыға айналды. 7 шайба мен 11 ұпай мұны растайды.

Сонымен қатар екі қорғаушы Сергей Егоров пен «Арланда» 2015 жылдан бері ойнап келе жатқан команда капитаны Владислав Колесниковпен келісімшарттар ұзартылғанын атап өту қажет.