Маусымға бет алдық. «Алтай Торпедо»

12 qyrkúıek
1951

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның алдағы маусымының қатысушыларымен таныстыруды жалғастырады. Бүгін Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері «Алтай Торпедо» туралы сөз қозғамақпыз.

Өткен маусым

2019-20 маусымы «Алтай Торпедо» үшін айтарлықтай сәтті басталды. Команда екінші рет қатарынан ел Кубогын жеңіп алды және қыркүйек айында 8 матчтың 5-еуінде жеңіске жетіп, чемпионатқа табысты қадам басты. Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша команда бесінші орынды иеленді және плей-оффтың бірінші раундында елдің қазіргі чемпионы «Бейбарыспен» белдесті. Бесінші ойында «торпедалықтар» жартылай финалға шығуға бір қадам жақын болды, алайда атыраулықтар жеңісті овертаймда жұлып әкетті. Нәтижесінде серия 3-2 есебімен аяқталып, «Алтай Торпедоның» пайдасына шешілді.

Бапкерлер штабы жұмысты толық құраммен жалғастырады

Бас бапкер

Команданың бапкерлер құрамы жұмысты толық құраммен жалғастырады. Өскемендіктерді екінші Кубокқа жетелеген Виктор Богатырёв бұрынғыша «Алтай Торпедоға» жетекшілік етеді. Ол «Торпедо» жүйесіне 2019 жылы оралды, екі маусым бұрын Виктор Васильевич «Алтайды» басқарған болатын.

Ауысулар

«Алтай Торпедоның» осы маусымаралықтағы шығындары ретінде Александр Архипов пен Захар Пархоменконың кетуін атауға болады. Біріншісі клуб жүйесінде қалды, енді «Торпедоның» негізгі звеносында Евгений Рымаревтің орнын басуға тырысады, ал Пархоменко өз мансабын елордалық «Номадта» жалғастырады.

Александр Архипов маусымды бірінші команда құрамында бастайды

Есесіне тәжірибелі қорғаушы Александр Нурек туған ұясына қайтып оралды. «Амурские тигрыдан» қорғаушылар Евгений Бабушкин мен Никита Линник ауысып келді. Жаңадан келген ойыншының тағы бірі – Дмитрий Белохонов.

Макс Худяков — «Алтай Торпедоның» алдағы маусымдағы басты үміті

Көшбасшы

Соңғы екі маусымда команданың нағыз көшбасшысы шаршап-шалдықпайтын Максим Худяков болды, ол өзінің ынта-жігерімен командадағы жас әріптестеріне үлгі болуын жалғастырады. «Алтай Торпедоның» нәтижелері көбіне көп ойынға және Худяковтың дайындығына байланысты болады. Сондай-ақ команданың дамуына өз үлесін Александр Меньщиков қосуы тиіс. Оның нәтижелілігі маусым сайын өсуде, сол себепті алдағы чемпионатта форвардтың жұлдызды сәті тууы бек мүмкін.

Не күтеміз

Команда құрамы айтарлықтай жасарды және бірнеше көшбасшысынан айрылды. Алайда бапкерлер штабы аз уақыт ішінде ұрысқа қабілетті ұжымды дайындап шыға алатынын дәлелдеді. Оның үстіне, торпедалықтар басқа командалармен салыстырғанда маусымалды ойындарын әжептеуір жақсы өткізді. Осыған байланысты «Алтай Торпедоның» бастамасы нашар болмауға тиіс, бұл команданың турнир кестесіндегі орнын да айқындайды.