Лихотников Арланда, Кунишников Сарыарқада

11 naýryz
2807

Плей-офф басталар алдында Pro Ligasy клубтарында болған ең қызық ауыс-түйістерді назарларыңызға ұсынамыз.

«Арлан» барлық шебін нығайтты

«Арландар» шебінен жеткен соңғы жаңалықтар команданың алған межесі биік екенін байқатып отыр. Көкшетаулықтардың қақпашылар шебін тәжірибелі Артём Микушин нығайтты. Қорғаушы Александр Куршук аса таныстыруды қажет етпейді. Қорғаушылар арасынан Қазақстан құрамасының ойыншысы Артём Лихотниковтің, сонымен қатар ЖХЛ өлшемімен мықты форвардтар Виктор Пластинин мен Даниил Жарковтың өтуі көзге түседі. «Арланның» бапкерлер штабының құрамы бұрын да мықты болатын, ал енді ойыншылар қатары нығая түсті.

«Сарыарқа» «горняктық» шабуылшылармен келісімшарттар жасасты

Қазіргі чемпион сонымен қатар плей-оффқа шықпаған командалардан ойыншыларды жалдау құқығын пайдаланды. «Сарыарқаның» сапын «Горняктың» үздік бомбардирлері болған шабуылшылар Иван Ширяев пен Максим Кунишников толықтырды.

Садиков пен Кротов «Ақтөбеде», Юлбарисов пен Галимов «Құлагерде»

Рудныйлықтар құрамынан тағы төрт ойыншы маусымды басқа командалар құрамында жалғастырады. Қорғаушы Валерий Садиков пен Владимир Кротов медальдар үшін «Ақтөбе» құрамында таласатын болады. Оскар Юлбарисов пен Айдар Галимов «Құлагерге» көмектесуге тырысады.

«Торпедо» ішкі резервтерін пайдаланды

«Торпедо» құрамын қақпашы Владислав Нурек, Лиганың үздік мергені Герман Шапорев, сондай-ақ шабуылшылар Стас Петросян мен Александр Архипов толықтырды.