Некряч Ақтөбеде, Барыс жастары Номадта

15 qańtar
1571

Назарларыңызға қаңтар айында Pro Ligasy командаларында болған ең қызықты ауыс-түйістерді ұсынамыз.

Антон Некряч «Торпедоны» «Ақтөбеге» айырбастады

Тәжірибелі шабуылшы өскемендіктер құрамынан өз орнын таба алмады. 22 ойынның қорытындысы бойынша Некряч бар болғаны екі нәтижелі пас берген, бұл оның әдеттегі статистикасына жуымайды. Енді Антон мансабын «Ақтөбеде» жалғастырып көреді, онда ол команданың шабуыл шебін күшейтуі тиіс.

Жалпы алғанда, батысқазақстандық команда плей-офф алдында қатаң трансферлік саясатты ұстануда. «Ақтөбе» Михаил Поповпен, Александр Панковпен және Илья Гуляковпен қош айтысты. Оның орнына Евгений Гасниковпен және Денис Гафаровпен, сонымен қатар қорғаушы Алексей Грищенкомен келісімшарттар жасалды.

«Құлагердің» құрамындағы өзгерістер

Өткен кезеңнің тағы бір ньюсмейкері – «Құлагер». Петропавлдықтар шабуылшылар Константин Пальмтагпен және Антон Богацкиймен келісімшарттарды бұзды. Олардың орнына ұжымның сапын «Ертістің» жас көшбасшылары Никита Белашов пен Александр Своеволин толықтырды. Павлодарлықтардың екінші және төртінші бомбардирінің команданы Ертіс жағасынан плей-оффқа сүйрей алмайтыны белгілі болды. Ал алдағы мансабы үшін өздерін жаңа клубтың құрамында байқап көру жаман емес.

«Снежные Барсы» ойыншылары «Номадтың» құрамында

«Снежные Барсы» командасының бірқатар өкілі маусымды «Номадтың» құрамында жалғастырады. Жас әрі перспективалы хоккейшілер өздерін ересектер деңгейінде көрсетіп үлгерді. Енді өз бақтарын Қазақстан чемпионатында ең жоғары орындарды иеленетін ұжым құрамында сынайды. Қорғаушылар Хақназар Кеңесбай және Абылайхан Сүлейменов, сондай-ақ шабуылшылар Всеволод Логвин, Николай Шульга, Константин Морожников пен Роман Ермак команда ауыстырды.