Сарыарқа екпін алған Номадты қабылдайды. Тур матчтарының аңдатпасы

3 jeltoqsan
2642

Pro Ligasy-ның кезекті кезеңі бірден алты жекпе-жекті қамтиды.

«Алтай Торпедо» - «Теміртау»

Өскемендегі өтетін матчтардың қос команда үшін де маңызын айтып жеткізу мүмкін емес. Қос ұжым да сегіздікке ену үшін барын салуда, сондықтан осы кездесуден кейін командалар тартысының жайы белгілі болады.

«Арлан» - «Құлагер»

Теріскейліктердің тартысы Көкшетауда өтеді. Көшбасшылықтан айрылған, алайда әлі де ойнайтын матчтары бар «Арланның» мұз айдынына жігерін қайрап шығары анық. «Құлагер» әзірге өзін плей-офф аймағында жайлы сезінеді, алайда әлі де өсетін реті бар. Географиялық жағынан іргелес командалардың текетіресі ешкімді енжар қалдырмасы анық.

«Алматы» - «Горняк»

Рудныйлықтар өздерінің ұзаққа созылатын түздегі матчтарын сәтсіз бастады. Елордада Сергей Невструевтің командасы Номадқа жалпы 1:15 есебімен екі рет жол берді. Алматылықтар соңғы алты матчтың бесеуінде жеңілді, алайда әлі де кубоктық сегіздіктен үмітті.

«Сарыарқа» - «Номад»

Турдың негізгі текетіресі Қарағандыда өтеді. Сары-қаралар елордада «көшпенділерден» екі рет жеңілгенін ұмыта қоймаған болар. «Номад» дәл қазір бабында. Александр Высоцкийдің командасы 12 матчты қатарынан жеңіп, үздіктер үштігіне тұрақтады. «Сарыарқа» Құрлықтық Кубокке жасаған сапарынан кейін қалпына келіп үлгерді ме әлде нұр-сұлтандық команданың жеңіс шеруі жалғасын таба ма?

«Торпедо» - «Ақтөбе»

Өскеменде турнир кестесіндегі көршілер кездеседі. «Ақтөбенің» алтыншы орны ешкімді таңғалдырмаса, «Торпедоның» өздерінің бесінші қатардағы орнына көңілі толмайтыны белгілі.

«Ертіс» - «Бейбарыс»

Павлодарлықтарды ауыр сынақ күтіп тұр: чемпионаттың аралық көшбасшысымен кездеседі. «Ертіс» соңғы кезде нәтижелі хоккей көрсетіп жүр, алайда команданың қақпасына шайба өткізу көрсеткіші одан да жоғары, салдарынан ұпай ала алмайды. «Бейбарыс» турдың басқа да жекпе-жектерін ескеріп, Павлодарда турнир кестесіндегі бірінші орнын нығайту мақсатында мығым ойын көрсетуі тиіс.