Pro Ligasy: қазан айының қорытындысы

3 qarasha
2247

Қазақстан чемпионатындағы аяқталған кезеңді қорытындылайық. Статистикамызға 1 және 2 қарашада өткен матчтар да кірді.

Турнир кестесінің көшін бұрынғыша «Арлан» бастап тұр. Көкшетаулық ұжым 18 матч бойынша 31 балл жинады. Бұл ретте «көкшеліктер» қазан айының соңында ғана негізгі уақытта бірінші жеңілісіне ұшырады. Сергей Бердниковтің командасы Лигада ең нәтижелі хоккей көрсетіп келеді (66 шайба салынды).

Әрі қарай турнир кестесінде бірдей ұпай жинаған үш ұжым келе жатыр. «Бейбарыс», «Торпедо» және «Сарыарқа» командаларының қоржынында 26 ұпайдан бар. Үздіктер үштігіне өкшелеп кіргелі отырған «Ақтөбенің» қоржынында бір балға кем.

«Сарыарқа» – қорғаныста ойнау бойынша чемпионаттың ең сенімді командасы. Қарағандылықтар небәрі 21 шайба өткізген.

Бір қызығы, лиганың ең нәтижелі командаларының үштігіне кіретін «Горняк» биылғы маусымда шабуылдаушы хоккей көрсетіп келеді. Алайда рудныйлықтардың турнирдегі ахуалы мәз емес: ұжым оныншы орында тұр.

Турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі қоржынында небәрі 5 ұпайы бар «Ертістің» халі мүшкіл. Оны плей-офф аймағынан 12 ұпай бөліп тұр.

Кезеңнің ең нәтижелі текетіресі Рудныйда өтті. «Горняк» пен «Алтай Торпедо» негізгі уақытта 12 шайба дарытып, жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Бұл жекпе-жекте өскемендік ұжым 2 балл жинады (7:6).

Ең ірі жеңістерге «Бейбарыс» пен «Сарыарқа» жетті. Бұл командалар «Теміртауды» бірдей 8:20 есебімен жеңді.