Торпедо Арланды қабылдайды, Теміртау мен Сарыарқа жергілікті тартысқа шығады

30 qazan
1560

Сенбі күні Pro Ligasy-дағы кезекті ойын кезеңі басталады.

«Торпедо» - «Арлан»

Ойын бөлімінің негізгі жекпе-жегі Өскеменде өтеді. Төрт рет жеңіске жеткен «торпедолықтар» өз алаңында чемпионат көшбасшысын қабылдайды. Айтып өтетін жайт, «Арлан» маусымда бірде-бір рет негізгі уақытта жеңіліп көрмеді.

«Ертіс» - «Номад»

«Көшпенділер» Өскемендегі екі жеңілістен кейін Лиганың аутсайдерімен жекпе-жекте жоғалтқанын түгендеуге тырысады. «Ертіс» алты кездесу бойы жеңіс дегенді білмей келе жатыр, алайда өткен турда павлодарлықтар «Арланмен» жекпе-жекте балл жинай алды.

«Теміртау» - «Сарыарқа»

Жергілікті қарағандылық дуэльдің алғашқы сериясы металлургтар қаласында өтеді. Өткен маусымда «теміртаулықтар» «Сарыарқа» үшін «жайылып жастық» болмады. Алайда биылғы чемпионатта екінші команда әзірге жетістіктерімен қуанта алмай отыр: екінші рет бас бапкерін ауыстырды.

«Горняк» - «Алтай Торпедо»

Рудныйда плей-оффқа кіру үшін өзара тартысып келе жатқан турнир кестесіндегі көршілер кездеседі. «Горняк» соңғы бес матчта есе жіберді. Өскемендіктер болса, кезекті турға төрт жеңіспен келіп отыр.