Торпедо Номадты қабылдайды, Ақтөбе үздіктер үштігіне енуге тырысады

24 qazan
1658

Pro Ligasy-ның кезекті кезеңі жексенбі басталады.

«Алматы» - «Құлагер»

«Алматы» мен «Құлагер» жекпе-жегінің екінші сериясы оңтүстік астанада өтеді. Алматылықтар Петропавлдағы матчтарды жақсы өткізіп, ол жақтан үш балмен қайтты. Турнир кестесінде қарсыластардың арасын небәрі үш балл бөліп тұр, алайда солтүстікқазақстандық ұжым төрт кездесуге азырақ өткізді.

«Алтай Торпедо» - «Снежные Барсы»

Екі жас команданың кездесуі қызықты әрі тартысты өтеді деп күтілуде. Александр Истоминнің ұжымы тәжірибесі молдау қарсыластарын әлсін-әлсін таңғалдырып тұрады. Өскемендіктер өткен турда «Ертіспен» ойнап ширап, өзінің жеңістер шеруін жалғастыруға дайын.

«Бейбарыс» - «Горняк»

Рудныйлықтардың Батыс Қазақстанға сапары жалғасын табуда. «Ақтөбеге» аялдаған команданың аса жолы болмады. Ал «Бейбарыстың» бабы келісіп тұр. Өткен турда Артём Аргоковтың командасы «Теміртауды» 16:1 есебімен екі рет ойсырата жеңді.

«Ақтөбе» - «Теміртау»

Бұл жекпе-жектің фавориті – әзірге кезекті турға үздіктер төрттігінің қатарында жеткен «Ақтөбе». Алайда Атыраудағы екі жеңілістен кейін «теміртаулықтар» есе қайтарып, алаң иелеріне соққы боратуға тырысатын шығар.

«Торпедо» - «Номад»

Турдың негізгі ойындары Өскеменде өтеді, онда турнир кестесі бойынша көршілер жолығады. Қос ұжымның да маусымның басына тоқмейілсуі екіталай, сондықтан алдағы матчтар бірінші кезекте психологиялық тұрғыдан маңызды болмақ. Бір қызығы, «Торпедо» да, «Номад» та соңғы алты кездесудің төртеуінде жеңіске жеткен.

«Ертіс» - «Арлан»

Павлодарда чемпионаттың бірінші және соңғы командалары ойнайды. «Ертістің» «Арланға» қарсы ойында қалай ұпай жинатыны әзірге түсініксіз. Алайда жас павлодарлықтардың өз жанкүйерлерінің жанында барын салатыны күмән тудырмайды.

Қазақстан чемпионатының барлық матчтары Insport телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі. Көрсетілімдерге сілтемелерді сайтымыздың жоғарғы бөлігіндегі матчтар легінен табуға болады.