Арлан мен Торпедо Бейбарысты қуып жетті. 5 қазандағы матчтарға шолу

5 qazan
1587

«Торпедо» «Горнякпен» матчта жеңісті уыстан шығарып ала жаздады. «Арлан» «Снежеы Барсы» командасын ойсырата жеңді. «Теміртау» мен «Ертіс» овертаймға жетті.

«Торпедо» мен «Горняк» кездесуінің 36-шы минутында жеңімпаз анықталып қойғандай болды. Алайда рудныйлықтардың салы суға кетпеді, олар есеп 0:3 болып тұрған жерлерінен есе қайтара алды. Нәтижесінде жеңімпаз буллиттер сериясында анықталып, онда өскемендіктер дөп түсті. Шешуші соққы Дмитрий Гренцтің есебінде.

«Торпедо» - «Горняк» 4:3 Б (0:0, 3:1, 0:2, 0:0, 1:0)

1:0 – 24:43 – Лихотников (Шин, Игнашин) ГБ

2:0 – 30:57 – Шин (Таталин)

3:0 – 35:43 – Лихотников (Гренц)

3:1 – 38:56 – Уколов (Куршук, Утебаев)

3:2 – 41:54 – Кротов (Штефан)

3:3 – 46:06 – Ширяев (Садиков) ГБ

4:3 – 65:00 – Гренц ПБ

Қақпашылар: Янков – Акулинин

«Арлан» «Снежные Барсы» командасымен матчта кім жеңімпаз атанатынын бірінші кезеңде-ақ байқатты. Осы уақыт ішінде елордалық ұжымның қақпасына жауапсыз бес шайба аттанды. Кездесудің соңында қонақтар екі рет көпшілік құрам ұйымдастырып, жеңілістің өкінішін сәл сейілткендей болды. Көкшетаулықтар құрамынан Данила Карабань екі рет көзге түсті.

«Арлан» - «Снежные Барсы» 8:3 (5:0, 0:1, 3:2)

1:0 – 01:48 – Маркелов (Боровков, Михайлов) ГБ

2:0 – 06:29 – Бердников (Меньщиков)

3:0 – 09:57 – Лукин (Бердников, Акишин)

4:0 – 18:32 – Терещенко (Борисов)

5:0 – 19:47 – Карабань (Евдокимов)

5:1 – 36:49 – Сапарбек (Кенесбай, Цыбин)

6:1 – 41:17 – Евграфов (Акишин)

7:1 – 51:58 – Карабань (Акишин, Евдокимов)

8:1 – 52:35 – Жиляков (Кокшаров, Половников)

8:2 – 57:53 – Шетле (Бреус) ГБ +2

8:3 – 58:31 – Морожников (Шетле, Бреус) ГБ

Қақпашылар: Румянцев (Чепец, 20:00-60:00) – Пестов (Павленко, 06:29-60:00)

«Ертіс» пен «Теміртау» жеңімпазды кездесудің негізгі уақытынан тыс анықтады. Овертаймның алғашқы минутында павлодарлықтардың қақпасына саңылау тапқан Дмитрий Преснов қонақтарға жеңіс сыйлады.

«Ертіс» - «Теміртау» 3:4 ОТ (0:1, 0:1, 3:1, 0:1)

0:1 – 16:47 – Гусейнов (Попов)

0:2 – 34:26 – Попов (Гусейнов)

1:2 – 44:39 – Герасимов (Карпов, Пульников)

2:2 – 46:19 – Камбулов (Туспеков, Гасников)

3:2 – 50:10 – Карпов (Своеволин)

3:3 – 51:36 – Потапов (Галыгин, Попов)

3:4 – 60:25 – Преснов (Белоцкий)

Қақпашылар: Штукерт – Еремеев