Қыркүйектің үздік ойыншылары

1 qazan
2537

Қыркүйектің қорытындысы бойынша чемпионаттың үздік ойыншыларының тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Үздік қақпашы – Илья Румянцев («Арлан»)

Румянцев қыркүйекте бірде бір рет жеңілген жоқ. Илья орта есеппен әрбір ойында 1,2 шайба өткізді, сөйте тұра соққылардың 96,5 пайызына тойтарыс берді. Матчтардың бірінде Румянцев құрғақ жеңіске жетті. «Арлан» көбіне көп өз голкиперінің сенімді ойынының арқасында маусымды тамаша бастап, ең жоғары орындар үшін тартысқа кірісіп кетті.

Үздік қорғаушы – Роман Таталин («Торпедо»)

Маусымаралықта «Торпедо» сапын толықтырған ойыншы бірінші матчтан-ақ команданың қорғаныс редуттарының көшбасшысы атанды. Бір жақсысы, Таталин өзін шабуылдар кезінде сенімді ұстайды және өскемендіктердің үздік бомбардирлерінің бірі болып табылады. 8 матч бойынша ол 9 (3+6) ұпай жинап, тиімділік көрсеткіші (+3) құрады. Роман екі рет көпшілік құраммен көзге түсті.

Үздік шабуылшы – Никита Аноховский («Сарыарқа»)

Лиганың үздік бомбардирі әзірге «1 ойын үшін шамамен 2 балл» деген кестемен келе жатыр. Аноховскийдің қоржынында 6 кездесуден кейін (+2) тиімділік көрсеткішімен 11 (4+7) ұпай жиналды. Қыркүйектегі жекпе-жектердің бірінде Никита 5 (1+4) балл жинаған. Форвард бұл айды 4 матчқа созылған голдар сериясымен аяқтады.

Үздік жас ойыншы – Николай Шульга («Снежные Барсы»)

Шабуылшы қыркүйектің жаңалық-командасы «Снежные Барсы» ұжымының басты қозғаушыы күшіне айналды. 8 матч бойынша ол (+4) тиімділік көрсеткішімен 9 (4+5) балл жинады. Николайдың есебінде бір дубль мен көпшілік құраммен салынған бір шайба бар.