Құрғақ ойындар күні. 22 қыркүйектегі матчтарға шолу

22 qyrkúıek
2146

«Арлан» «Алтай Торпедоның» арынын басты. «Құлагер» «Темірге» қарсы құрғақ жеңіске жетті. «Ертіс» «Горняктың» қақпасын ала алмады. «Сарыарқа» «Алматыны» ойсырата жеңді. «Бейбарыс» «Номадтан» жеңісті жұлып әкетті. «Торпедо» құрғақ жеңістер легін жалғастырды.

«Арлан» «Алтай Торпедомен» кездесудің соңғы минуттарында ойынды өз пайдасына шешті. Өскемендіктер бүгін мықты ойнады, алайда ұпайға қолдары жетпеді. Көкшетаулықтар құрамында Данила Карабань дубль жасады.

«Алтай Торпедо» - «Арлан» 2:3 (1:2, 0:0, 1:1)

0:1 – 07:19 – Карабань (Колесников)

1:1 – 10:39 – Белохонов (Гурин, Ивашин)

1:2 – 16:24 – Карабань (Кокшаров)

2:2 – 41:11 – Куянов (Гурин, Ивашин) ГБ

2:3 – 57:04 – Боровков (Кокшаров, Маркелов)

Қақпашылар: Полошков – Румянцев

«Құлагер» Теміртаудағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Иван Казаченко қарсыласты екі рет састырды. Қақпашы Данил Кадочников 35 соққыға тойтарыс беріп, өз қақпасына шайба жуытпады.

«Теміртау» - «Құлагер» 0:4 (0:2, 0:0, 0:2)

0:1 – 07:07 – Власов (Рамазанов) ГМ

0:2 – 12:59 – Казаченко (Макеев, Пальмтаг) ГБ

0:3 – 43:14 – Ильин

0:4 – 57:15 – Казаченко (Пальмтаг)

Қақпашылар: Еремеев – Кадочников

«Горняк» ойыншылары көптеп аластатылған «Ертісті» тіптен аямады, үш рет көпшілік құрам ұйымдастырды. Ал павлодарлықтар болса, рудныйлықтардың қақпасына өте алмай-ақ қойды. Иван Ширяев дубль рәсімдеді.

«Горняк» - «Ертіс» 5:0 (1:0, 2:0, 2:0)

1:0 – 05:04 – Утебаев (Коваленко)

2:0 – 22:22 – Терещенко (Кротов, Нурек) ГБ

3:0 – 26:24 – Ширяев (Шетле) ГБ

4:0 – 55:42 – Ширяев

5:0 – 57:52 – Кротов (Уколов) ГБ

Қақпашылар: Скрынников – Микушин

Елдің қазіргі чемпионы «Сарыарқа» «Алматыны» ойсырата жеңді. Оңтүстік астаналық ұжым қатарынан алтыншы рет жеңіліске ұшырады. Жеңімпаздар құрамынан екі дөп соққы Михаил Рахмановтың есебінде.

«Алматы» - «Сарыарқа» 0:8 (0:3, 0:1, 0:4)

0:1 – 01:18 – Анохин (Зеленков, Рахманов)

0:2 – 09:56 – Рахманов (Анохин, Сиксна) ГБ

0:3 – 17:44 – Кожевников

0:4 – 33:35 – Ларионов (Аноховский, Молодцов)

0:5 – 40:50 – Сиксна (Анохин) ГБ

0:6 – 46:09 – Рахманов ГМ

0:7 – 52:26 – Волков (Королинский, Аноховский) ГБ

0:8 – 58:09 – Данияр (Сиксна)

Қақпашылар: Шалманов (Полуэктов, 17:44-60:00) – Каратаев

«Бейбарыс» «Номадпен» матчта 3:0 есебімен алда келе жатқанына қарамастан, жеңісті уыстан шығарып ала жаздады. «Көшпенділер» есе қайтарып үлгерді, алайда алаң иелері өз дегенінде тұрды. Жеңіс шайбасының авторы – Илья Рыжий.

«Бейбарыс» - «Номад» 4:3 (3:0, 0:2, 1:1)

1:0 – 03:24 – Курепанов (Воробьев, Ананичев Ал.)

2:0 – 05:52 – Титов (Степаненко, Гарифулин) ГБ

3:0 – 10:01 – Ананичев Ал. (Москалев)

3:1 – 22:02 – Михнин (Гайтамиров, Александров)

3:2 – 24:45 – Бекетаев (Рунов, Маркабаев) ГБ

3:3 – 49:01 – Нурлан (Гусейнов, Ермак)

4:3 – 58:14 – Рыжий (Старцев, Воробьев)

Қақпашылар: Мальгин – Амирбеков (Калмыков, 10:01-60:00)

«Торпедо» бірінші кезеңдегі екі шайбасы мен соңғы кезеңдегі Андрей Янковтың тамаша ойынының арқасында Ақтөбеден төрт ұпаймен қайтты. Алаң иелері екі матч бойы өскемендіктердің қақпасын ала алмай қойды.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 0:2 (0:2, 0:0, 0:0)

0:1 – 09:28 – Петросян (Михайлов)

0:2 – 10:36 – Дзедаев (Петров)

Қақпашылар: Шаров – Янков