«Сарыарқа» «Алтай Торпедоны» жеңді. «Снежные Барсы» «Теміртаумен» жекпе-жекте жеңісті уыстан шығарып ала жаздады. «Арлан» тағы да «Алматыны» тырп еткізбеді. «Құлагер» «Горняктан» қарымта қайтарды. «Номад» Ақтөбеден ұпайсыз қайтты. «Бейбарыс» «Торпедодан» басым түсті.
Рудныйдағы екінші кездесу петропавлдық ұжымның пайдасына шешілді. Дубль жасаған Иван Казаченко жеңіс шайбасын да өз есебіне жазды.
«Горняк» - «Құлагер» 3:4 (1:1, 1:2, 1:1)
0:1 – 15:40 – Гевель (Хасенов, Черников) ГБ
1:1 – 19:02 – Куршук (Юлбарисов, Жилов) ГБ
1:2 – 22:54 – Казаченко (Рамазанов) ГМ
2:2 – 27:20 – Кунишников (Галимов) ГБ
2:3 – 37:32 – Черников (Ахметов, Хасенов) ГБ
3:3 – 46:45 – Галимов (Кунишников)
3:4 – 55:30 – Казаченко (Макеев)
Қақпашылар: Белоконский – Нечвиенко
«Теміртаумен» матчтың ортасына келгенде, «Снежные Барсы» 4:0 есебімен алда келе жатты. Алайда әрі қарай қонақтар өз ойын өрнектерін тауып, ерлік жасай жаздады. Әйтсе де Александр Истоминнің командасы өз дегенінде тұрып, чемпионаттағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Дубль Тамерлан Бейсембиевтің қоржынында.
«Снежные Барсы» - «Теміртау» 5:3 (2:0, 2:1, 1:2)
1:0 – 08:04 – Омирбеков (Колодюк, Бреус)
2:0 – 16:35 – Бейсембиев (Цыбин, Кенесбай)
3:0 – 25:11 – Цыбин (Морожников, Шетле)
4:0 – 25:36 – Бейсембиев (Сапарбек, Цыбин)
4:1 – 32:38 – Дёмин (Росляков, Асуханов) ГБ
4:2 – 42:08 – Лазарев (Жорабек)
4:3 – 53:15 – Асуханов (Росляков, Киселёв) ГБ
5:3 – 59:59 – Шульга (Морожников) ПВ
Қақпашылар: Павленко – Еремеев
Алматылықтар «Арланға» бірінші кезеңде-ақ соққы жасай алды. Әрі қарай көкшетаулықтар іске көшіп, кезекті екі балдарын алды. Алаң иелері құрғақ жеңілістен финалдық ысқырыққа 11 секунд қалғанда құтылып кетті. Жеңімпаздар құрамынан екі реттен Ярослав Евдокимов пен Александр Евграфов көзге түсті. Қазіргі таңда «көкшеліктер» чемпионатта әзірге бірінші орында келеді.
«Алматы» - «Арлан» 1:5 (0:0, 0:2, 1:3)
0:1 – 20:22 – Евдокимов (Евграфов, Бердников) ГБ
0:2 – 26:11 – Бердников (Жуков)
0:3 – 45:35 – Евграфов (Бердников, Жуков)
0:4 – 49:58 – Евграфов (Евдокимов, Бердников) ГБ
0:5 – 51:30 – Евдокимов (Бердников, Акишин) ГБ
1:5 – 59:49 – Филиппенко (Святына)
Қақпашылар: Мельников (Шалманов, 51:30-60:00) – Румянцев
«Сарыарқа» бірінші кезеңде-ақ көпшілік құрам ұйымдастырып, өзіне жайлы есеп айырмашылығын орнатты. «Алтай Торпедо» қанша рет есе қайтаруға талпынғанымен, фаворит ойынды бақылауынан шығармай, Өскемендегі екінші жеңісіне қол жеткізді.
«Алтай Торпедо» - «Сарыарқа» 1:4 (0:3, 1:0, 0:1)
0:1 – 11:55 – Безруков (Борисевич)
0:2 – 15:11 – Сиксна (Рахманов, Аноховский) ГБ
0:3 – 16:13 – Аноховский (Рахманов, Сиксна) ГБ
1:3 – 20:24 – Гурин (Ивашин)
1:4 – 47:26 – Зеленков (Данияр) ГМ
Қақпашылар: Полошков – Селивёрстов
«Бейбарыс» пен «Торпедо» нағыз шайқас ұйымдастырды, ондағы басты кейіпкерлер – бір-бірін жақсы танитын Герман Шапорев пен Стас Петросян болды. Нәтижесінде Петросян хет-трик жасады, алайда Шапорев екі рет ерекшеленіп, жеңіске «Бейбарыс» жетті.
«Бейбарыс» - «Торпедо» 6:4 (2:3, 3:1, 1:0)
0:1 – 00:51 – Гренц (Шин, Таталин) ГБ
1:1 – 04:23 – Титов (Закарлюкин, Гарифулин)
2:1 – 08:51 – Шапорев (Дыньков, Колесников)
2:2 – 10:15 – Петросян (Игнашин)
2:3 – 19:20 – Петросян (Игнашин, Юксеев)
3:3 – 26:19 – Шапорев (Исмагилов)
3:4 – 29:06 – Петросян (Игнашин, Михайлов) ГБ
4:4 – 33:18 – Степаненко (Титов, Закарлюкин) ГБ
5:4 – 38:56 – Ананичев Ал. (Колесников, Твердохлебов)
6:4 – 52:01 – Старцев (Воробьев, Курепанов)
Қақпашылар: Хозяшев – Нурек
«Ақтөбе» үшінші кезеңді екпінмен өткізіп, «Номадты» екінші рет жеңіп кетті. Батыс Қазақстандық команда «көшпенділерді» турнир кестесінде басып озып, енді төртінші орынға жайғасты.
«Ақтөбе» - «Номад» 3:1 (0:0, 0:1, 3:0)
0:1 – 28:46 – Гусейнов (Рунов, Марков)
1:1 – 45:53 – Захаров (Воронин, Ермолаев)
2:1 – 49:12 – Потайчук (Киселёв, Зубковский)
3:1 – 52:09 – Степанов (Кутугин, Ковзалов) ГБ
Қақпашылар: Шаров – Калмыков