Аптаның оқиғалары

16 shilde
1490

Pro Ligasy-де өткен кезеңнің ең қызықты оқиғаларын еске түсіреміз.

Александр Шин Торпедомен келісімшартты ұзартты

Өскемендік хоккейдің беткеұстары өз жанкүйерлерін кемінде тағы бір маусым қуантатын болады. ProLigasy мен әлем чемпионатындағы сүбелі ойынынан кейін шабуылшыға басқа да клубтардан ұсыныстар түскені анық. Алайда Александр «Торпедода» қалуға бел буды.

Андрей Спиридонов ойын мансабын аяқтады

Қазақстандық хоккейдегі тағы бір шоқтығы биік ойыншы өзінің ойыншы ретіндегі мансабын аяқтады. Өскемендік мектептен шыққан спортшы көптеген қазақстандық командаларда, оның ішінде «Барыста» да ойнады. Сонымен қатар Андрей елдің ұлттық құрамасымен сегіз әлем чемпионатына қатысты. Өткен маусымда Спиридонов «Алматы» құрамында Қазақстан чемпионаттарында 200 шайба салған алғашқы ойыншы атанды.

Олег Болякин «Бейбарыстың» бапкерлер штабына оралды

«Торпедоның» бас бапкері ретінде бір маусымды өткізіп, Атырауға қайта оралды. Олег Владимирович бұған дейін төрт маусым жұмыс жасаған «Бейбарыс» жүйесін жақсы біледі. Енді Болякин Артём Аргоковқа көмектесетін болады.

Горняк жаңа логотип ұсынды

Рудныйлықтар – жаңа маусымға жаңа логотиппен аяқ басқалы отырған екінші команда. Ол дәстүрлі қара-қызыл-ақ түстерде жасалған. Айтқандай, команда демалыстан оралып, алғашқы жаттығуларын өткізіп үлгерді. «Горняктың» шамаланған тізімімен мына жерден танысуға болады.

«Номад», «Снежные Барсы» және «Сарыарқа» кеңейтілген құрамдарын ұсынды

«Барыс» жүйесіндегі командалар да барлық қажетті медициналық рәсімдерден өтіп, жиынға кірісті. Қос ұжым да елордадағы өз ареналарында жаттығуда. Егер «Номад» құрамындағы хоккейшілердің көпшілігі толыққанды келісімшарттарды қолға ұстап үлгерсе, «Снежные Барсы» командасындағы жас жігіттерге әлі де бапкерлер штабына өз қабілеттерін дәлелдеуге тура келеді.

Жаттығуға қазіргі Қазақстан чемпионы «Сарыарқа» да кірісті. Қырандар Қарағандыда жиналып, осы құраммен жаңа маусымға дайындықты бастады.