Аптадағы ауыс-түйістер

9 shilde
2775

Назарларыңызға Pro Ligasy клубтарындағы ең қызықты ауысуларға дәстүрлі шолуды ұсынамыз.

Янков пен Шитиков – «Торпедода»

Андрей соңғы бес жылда «Құлагердің» намысын қорғады, Дмитрий үш маусым бойы көкшетаулық жұртшылықты қуантып, бүкіл чемпионаттың ең нәтижелі ойыншыларының бірі атанды. Шутов кеткелі Янков бірінші қақпашы орнына таласуы тиіс, ал Шитиков «торпедолықтардың» онсыз да мықты шабуыл шебін айтарлықтай күшейтеді.

Асуханов пен Білімбаев «Теміртауға» өтті

Павлодарлық хоккей мектебінің шәкірттері өткен маусымда өздері қанат қатайтқан «Ертіс» құрамында ересектер деңгейінде өздерін жақсы көрсетті. Енді жігіттердің мансабында жаңа кезең, олардың жас әрі мақсатшыл командаға үйлесері анық.

Жиляков «Арланда» қалды

Виталий «көкшеліктер» құрамына өткен маусымның ортасында өтті және Бердниковтің шабуылдаушылар схемасына тез сіңіп кетті. Ол 17 ұпай жинап, тең емес құрамдағы ойындарда опция қосты. Келісімшартқа қол қоярда «Арланның» тәлімгері жас хоккейшілердің қалыптасуына көмектесетін Жиляковтың көшбасшылық қасиеттерін ерекше атады.

Худяков пен Архипов «Алтай Торпедоға» оралды

Тәжірибелі шабуылшылар өскемендіктерге көп пайда әкелері анық. Сондай-ақ команда көптеген жергілікті ойыншылармен келісімшарттарды ұзартып, жастар деңгейіндегі бірқатар ойыншымен келісім жасасты. Айдың соңында-ақ бапкерлер штабы жаңартылған құрамның күшін «Торпедодағы» аға буынмен бақылау матчтарында байқап көре алады.