Сарыарқа серияда есеп теңестірді

21 sáýir
1396

Pro Ligasy финалының төртінші матчында «Арлан» нағыз ерлік жасады және есеп 0:3 болып тұрған жерінен есе қайтарды, алайда овертаймда жеңісті дегенмен «Сарыарқа» алып кетті.

Қонақтар Рахмановтың арқасында есепті жылдам ашты. Михаил оң жақ бортпен алға шығып, екінші реттен Михаил Демидовқа шайбасын өткізді. Екінші кезеңде Сергей Голоднюк дубль жасап, көкшетаулықтарды есеңгіретіп тастады. Алайда екінші үзіліске дейін-ақ «Арлан» ойынға оралды – Виталий Жиляков екі рет гол салды.

Ал үшінші кезеңнің аяқталуына сәл қалғанда Роман Бердников тіпті таблодағы есепті теңестірді. Овертаймда қонақтарға жеңісті Владислав Рыбаковтың дөп соққысы сыйлады. Командалар Қарағандыға сериядағы 2-2 есебімен оралады. Бұл ретте «Арлан» өз алаңында жеңіске жете алмады.

«Арлан» – «Сарыарқа» 3:4 ОТ (0:1, 2:2, 1:0, 0:1)

Сериядағы есеп: 2-2 (3:2, 2:1, 2:3, 3:4 ОТ)

0:1 – 02:23 – Рахманов (Аноховский, Писарев)

0:2 – 23:00 – Голоднюк (Борисевич, Михайлов)

0:3 – 27:19 – Голоднюк (Рахманов, Аноховский)

1:3 – 33:22 – Жиляков (Лакиза, Бердников В.) ГБ

2:3 – 36:21 – Жиляков (Бердников Р.)

3:3 – 57:57 – Бердников Р. (Митряков, Лакиза)

3:4 – 76:23 – Рыбаков (Голоднюк, Беляев)

Қақпашылар: Демидов – Бояркин