Арлан Қарағандыдан екі жеңіс арқалап кетті

17 sáýir
1440

Pro Ligasy финалдық сериясының екінші матчында «Арлан» минималды есеп айырмашылығымен «Сарыарқаны» жеңді.

Матчтағы есеп бастапқы кезеңнің ортасында ашылды: Владимир Маркелов Дмитрий Шитиковтың соққысын тұйықтап, шайбаны қақпаға аттандырды. Алаң иелері бұған Степан Грымзиннің орындауындағы голмен жауап берді. «Сарыарқаның» 97-ші нөмірлі ойыншысы көк сызықтан тасталған соққыға таяқты дер кезінде тигізді. Екінші кезең шайба салусыз өтті.

Қорытынды кезеңде қарағандылықтар алға шыға алды, алайда Сергей Голоднюк айып соққысын іске асыра алмады. Ал соңғы минуттарда бүгінгі туған күн иесі Виталий Жиляков «Арланның» көпшілік құрамымен алаң иелерінің голкипері Никита Бояркиннің аймағына тұтқиылдан кіріп, өз командасына жеңіс әкелді. Командалар Көкшетауға «көкшеліктердің» пайдасына шешілген сериядағы 2-0 есебімен аттанады.

«Сарыарқа» – «Арлан» 1:2 (1:1, 0:0, 0:1)

Сериядағы есеп: 0-2 (2:3, 1:2)

0:1 – 09:19 – Маркелов (Бердников В., Шитиков)

1:1 – 17:27 – Грымзин (Сиксна, Михайлов)

1:2 – 58:20 – Жиляков (Митряков, Румянцев) ГБ

Қақпашылар: Бояркин – Румянцев