Арлан Сарыарқаны плей-оффтағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты

16 sáýir
1048

Финалдық серияның алғашқы матчында «Арлан» түзде «Сарыарқаны» жеңіп кетті.

«Арлан» екінші кезеңнің басында Владимир Маркеловтың бөтен қақпа алдындағы сәтті іс-қимылдарының арқасында есеп ашты. Анатолий Шишов бөтен аймақта сәтті шайба тастаудан кейін шайбаны тоғыздықтың алыс бұрышына бағыттады. Екінші үзіліске жарты минут қалғанда, Артемий Лакиза шайбаның кері ұшуын пайдаланып, қарсыласты екінші рет састырды.

Александр Куршук алаң иелерін ойынға қорытынды кезеңнің ортасында оралтты. Алайда «Арлан» бір минут өтер-өтпестен, Константин Куликов дөп соққы жасап, тағы да есеп бойынша алға шықты.

Нәтижесінде, ойынның тағдырын осы соққы шешті. Қонақтар қорғаныста мығым ойнап, финалдық серияның бірінші матчында жеңіске жетті. Екінші кездесу ертеі Қарағандыда өтеді. Басталуы 17:00-де.

«Сарыарқа» – «Арлан» 2:3 (0:0, 1:2, 1:1)

Сериядағы есеп: 0-1 (2:3)

0:1 – 22:29 – Маркелов (Бердников В.)

1:1 – 32:35 – Шишов (Желнеровский)

1:2 – 39:24 – Лакиза (Бердников Р., Куликов)

2:2 – 49:24 – Куршук (Аноховский)

2:3 – 50:23 – Куликов (Лакиза)

Қақпашылар: Бояркин – Румянцев