Плей-оффтың екінші күніне шолу

14 naýryz
1294

"Торпедо" оңтүстік астанадан сериядағы жайлы есеппен кетіп барады. «Құлагер» мен «Сарыарқа» жеңімпазды негізгі уақытта анықтай алмады.

"Арлан" «Бейбарыспен» сериядағы есебін теңестірді. «Номад» «Теміртауды» ойсырата жеңіп, екінші жеңісіне қол жеткізді.

«Алматы» «Торпедоға» соққыны боратты, алайда тұрақты чемпионаттың жеңімпазы дегенмен жеңісті қолдан бермеді. Олег Болякиннің командасы үшінші кезеңнің аяқталуына сәл қалғанда жасалған нәтижелі шабуылдың арқасында жетістікке жетті.

"Алматы" – "Торпедо" 3:4 (2:2, 1:1, 0:1)

Сериядағы есеп: 0-2

0:1 - 05:3 - Шин (Савицкий, Кучин)

1:1 - 08:14 - Клемешов (Наместников, Щукин)

1:2 - 15:57 - Дзедаев (Тымченко) ГБ

2:2 - 16:34 - Курсакбаев (Серегин, Тихомиров)

3:2 - 22:58 - Юшков (Чемерилов, Баженов)

3:3 - 29:30 - Кучин (Шин, Савицкий)

3:4 - 55:24 - Кучин (Угольников)

Қақпашылар: Полуэктов (ПВ, 58:54 – 59:97) - Шутов

«Құлагер» «Сарыарқамен» екінші матчты овертаймға айналдырды. Алайда шешуші сәтте қарағандылықтар дөп түсіп, Петропавлдан екі жеңіспен қайтты.

«Құлагер» – «Сарыарқа» 2:3 ОТ (0:0, 1:0, 1-2, 0:1)

Сериядағы есеп: 0-2

1:0 – 27:45 – Вишняков (Шерстюков, Юлбарисов)

1:1 – 40:41 – Грымзин (Беляев, Писарев)

1:2 – 45:52 – Рахманов (Борисевич, Сиксна)

2:2 – 51:12 – Исмагилов (Хорошев, Ахметов)

2:3 – 64:27 – Писарев (Грымзин)

Қақпашылар: Янков – Бояркин

«Арлан» бірінші кезеңді үлкен екпінмен өткізіп, «Бейбарысты» үш рет састырды. Ары қарай алаң иелері үстемдікті сақтап, сериядағы есепті теңестірді.

«Арлан» – «Бейбарыс» 3:1 (3:0, 0:1, 0:0)

Сериядағы есеп: 1-1

1:0 – 04:42 – Демагин (Лакиза, Куликов) ГБ

2:0 – 05:01 – Куваев (Сметанин, Жиляков)

3:0 – 08:12 – Маркелов (Жиляков) ГБ

3:1 – 32:25 – Кожевников (Гевель)

Қақпашылар: Румянцев – Иванов

«Теміртаудың» «Номадпен» матчтың бірінші кезеңінде алға кетуге мол мүмкіндігі болды. Алайда көшпенділер аз құраммен жеті минут бойы төтеп беріп, әрі қарай қарсыласты ойсырата жеңді. Командалар Теміртауға «Номадтың» пайдасына шешілген 2-0 есебімен аттанбақ.

«Номад» – «Теміртау» 7:0 (1:0, 5:0, 1:0)

Сериядағы есеп: 2-0

1:0 – 12:35 – Некряч ГМ

2:0 – 27:12 – Панюков (Орехов, Шестаков)

3:0 – 27:19 – Диханбек (Преснов)

4:0 – 32:40 – Некряч (Орехов)

5:0 – 37:42 – Александров (Некряч)

6:0 – 39:29 – Данияр См. (Шестаков, Орехов)

7:0 – 47:51 – Муратов (Пелевин, Данияр См.)

Қақпашылар: Крамарь – Еремеев