Алғашқы жойқын соққылар мен бірінші «құрғақ» ойын. 20 қазандағы матчтарға шолу

20 qazan
1769

«Номад» бірінші болып, шайба өткізіп алды. Әйтсе де, бұл елордалық командаға «Алтай Торпедоны» басып озуға кедергі келтірмеді. «Торпедо» «Снежные Барсы» командасымен матчтың жеңімпазы кім болатынын бірінші кезеңде-ақ танытқан. «Арлан» мен «Құлагер» бірінші ойындарындағы жеңілістері үшін қарымта қайтаруға тырысты. «Ертіс» өз алаңында «Алматымен» ойнап, ең көп ұпайды қоржынға салды.

Өскеменде «торпедолықтар» бірінші кезеңде-ақ бес нәтижелі шабуыл жасады. Мачтың қалған уақытында да алаң иелері үстемдік көрсетті, алайда қонақтар да мұз айдынынан құр қол кетпеді. Нәтижесінде, финалдық ысқырық естілген сәтте чемпионаттағы ең ірі есеп тіркелді. Олег Болякиннің командасы алты ұпаймен және тәуір шайба айырмашылығымен турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

"Торпедо" (Өскемен) – "Снежные Барсы" (Нұр-Сұлтан) 8:3 (5:0, 3:3, 0:0)

1:0 - Тымченко - 04:12

2:0 - Петросян - 09:24 ГБ

3:0 - Угольников (Мерескин) - 10:40

4:0 - Мерескин (Угольников, Архипов) - 13:15 ГБ

5:0 - Виноградов (Савицкий) - 18:20

6:0 - Титов (Шин) - 20:47

7:0 - Петросян (Сироткин) - 29:18 ГБ

7:1 - Сайко - 31:10

7:2 - Омирбеков - 32:00

7:3 - Бутенко - 36:43

8:3 - Тымченко - 38:22 ГБ

Қақпашылар: Шутов - Калмыков (Пестов, 10:40 - 60:00)

«Номад» «Алтай Торпедомен» кездесуде қорғаныста сенімді ойнады және екінші кезеңде жойқын соққылар жасап, одан кейін өскемендіктер ес жия алмай қалды. Александр Высоцкийдің шәкірттері чемпионаттағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді.

"Номад" (Нұр-Сұлтан) – "Алтай-Торпедо" (Өскемен) 8:1 (2:1, 5:0, 1:0)

0:1 - Скуматов (Дзедаев, Нурек В.) - 01:31

1:1 - Зубов (Пархоменко) - 07:12

2:1 - Мухаметов (Гатиятов, Бакушин) - 08:23

3:1 - Клепко (Евдокимов, Гренц) - 23:17 ГБ

4:1 - Яковлев (Гайтамиров) - 24:34

5:1 - Ибрайбеков (Пархоменко, Зубов) - 34:43

6:1 - Мухаметов (Данияр Сн., Бакушин) - 35:59

7:1 - Преснов (Пелевин) - 38:28

8:1 - Евдокимов (Клепко) - 40:17

Қақпашылар: Кудрявцев (Амирбеков, 50:50 - 60:00) - Нурек В. (Мейдер, 35:59 - 60:00)

«Арлан» «Бейбарыспен» тайталаста бірінші минутта-ақ шайба өткізіп алды. Алайда ары қарай Владимир Капуловскийдің командасы тізгінді өз қолдарына алды. Бұл мачтың айшықты сәті екінші кезеңның басында орын алды: көкшетаулықтар үш минут ішінде қарсыласқа екі рет шайба салды.

"Арлан" (Көкшетау) – "Бейбарыс" (Атырау) 3:1 (0:1, 2:0, 1:0)

0:1 - Воробьёв (Рыжих) - 00:32

1:1 - Боровиков (Ермолаев, Колесников) - 21:15 ГБ

2:1 - Куваев (Шмурыгин, Власкин) - 24:59

3:1 - Киселёв (Власкин) - 57:57

Қақпашылар: Демидов – Севидов

Шабуылшы Дмитрий Исмагиловтың дублі мен қақпашы Дмитрий Хозяшевтің соңғы кезеңдегі сенімді ойыны «Құлагерге» үлкен басымдылықпен «Ақтөбеден» қарымта қайтарып алуға мүмкіндік берді. Төрт ұпаймен петропавлдық ұжым турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты.

"Құлагер" (Петропавл) - "Ақтөбе" ХК 5:1 (1:0, 2:1, 2:0)

1:0 - Хорошев (Попитич) - 10:04

2:0 - Нуриев (Хамматов) - 24:07 ГМ

2:1 - Смирнов (Кевлин) - 34:22

3:1 - Стасюк - 37:03

4:1 - Исмагилов - 40:52

5:1 - Исмагилов (Смирнов, Хорошев) - 48:08 ГБ

Қақпашылар: Хозяшев – Мальгин

«Ертіс» пен «Алматының» арасындағы екінші кездесудің беткеұстары павлодарлықтардың голкипері Артём Микушин болды. Ол бірінші маусымда белсенді түрде тайталасып, есепті нөлмен аяқтады. Сергей Мирошниченконың командасы «Торпедомен» қатар чемпионаттың басында ең жоғары балды жинап отыр.

"Ертіс" (Павлодар) - "Алматы" ХК 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 - Хасенов (Машинец) - 31:49 ГБ

2:0 - Асуханов (Айдаш, Атаханов) - 51:53 ГБ

Қақпашылар: Микушин – Полуэктов

20 қазанның кешіндегі турнир кестесімен сайтымыздың тиісті бөлімінде танысуға болады.