Хоккейден Қазақстан чемпионатындағы төртінші ойын айын қорытындылайық. Хумо желтоқсанда 20 ұпайдан 15 жинап, кезеңді тамаша өткізді. Сондықтан кезекті рейтингте барлық орындарды ташкенттік команда өкілдері иеленді.
Үздік қақпашы – Константин Козловский («Хумо»)
Козловский ташкенттіктердің жетістігіне зор үлес қосты. Ол өзі мұзға шыққан 7 матчтың 6-ауында жеңіске жетті. Жалғыз жеңіліс «Бейбарыспен» кездесуде орын алды – атыраулықтар «Хумоны» 1:0 есебімен жеңген болатын. Константин соққылардың 93,15%-ына тойтарыс беріп, орта есеппен 1,61 шайба өткізді. Бұл ретте ол 372 минут және 26 секунд ойнады. Бұл – желтоқсандағы лиганың барлық қақпашылары арасындағы үздік нәтиже.
Үздік қорғаушы – Эдгарс Сиксна («Хумо»)
Алдыңғы үш ойын айында қорғаныс ойыншысы 9 балл жинады. Ал желтоқсанда Сиксна өз қоржынын бірден 7 ұпаймен толтырды: бір шайбаны артық құраммен салып, +2 пайдалылық көрсеткішімен 6 нәтижелі пас берді. Бұл ретте 10 матчт бойы ол барлығы 4 айып минутын алды.
Үздік шабуылшы – Вадим Кравченко («Хумо»)
Тәжірибелі шабуылшы желтоқсан айында өзінің бар мүмкіндігін көрсетіп, командаға серпіліс жасауға көмектесті. Оның есебінде +5 пайдалылық көрсеткішімен 7 гол мен 6 нәтижелі пас бар. Ол нөлмен кеткен кезде команда да жеңіліс тапты. Оның қатарында бір хет-трик бар, оның екі соққысы «Хумоға» жеңіс сыйлады. Бұл ретте Кравченко өткен айда лиганың қақпаны ең көп көздейтін ойыншысы болды. Ол қарсыластардың қақпасына 56 соққы бағыттады.
Қараша айының үздік ойыншылары
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.