Степан Санников – Қазақстан чемпионатының сегізінші аптасының үздік ойыншысы

26 qazan
134

Pro Ligasy кезекті аптасының басты кейіпкерін назарларыңызға ұсынамыз.

«Арлан» командасының көшбасшысы маусымда екінші рет осы құрметті атаққа лайық деп танылды. Санников ерекше жетістікке қол жеткізіп, қатарынан екі матчта нағыз хет-трик жасады. Жалпы, бір апта ішінде Степан 11 (7+4) ұпай жинап, пайдалылық көрсеткіші +9 болды. Сонымен қатар ол жеңіс әкелген үш голдың авторы атанды. Қақпаға бағытталған соққыларды жүзеге асыру көрсеткішін айрықша атап өтуге болады – шабуылшы жеті шайба соғу үшін бар болғаны 14 соққы жасады (50%).


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.