Pro Ligasy-ндағы кезекті ойын аптасы төрт матчпен аяқталды.

Степан Санниковтың қатарынан екінші матчтағы нағыз хет-тригі мен Денис Каратаевтың 29 сейві «Арланға» «Алматыны» қақпасына гол жібермей жеңуге көмектесті. Вячеслав Коротин команда көшбасшысының екі голына нәтижелі пас берді.
«Арлан» - «Алматы» 3:0 (0:0, 3:0, 0:0)
1:0 - 22:27 - Санников (Коротин)
2:0 - 31:09 - Санников (Қураков, Коротин)
3:0 - 37:01 - Санников (Шапоров, Беляев)
Қақпашылар: Каратаев - Шпилев

«Торпедо» кем құраммен екі шайба өткізіп алғанымен, Өскемендегі алғашқы матчта «Ақтөбені» жеңе алды. Қонақтар сапында Ян Хоменко дубль жасады. Алаң иелеріне жеңіс әкелген шайбаның авторы Диас Гусейнов атанды. Сергей Кудрявцев 23 соққыны қайтарды.
«Торпедо» - «Ақтөбе» 4:2 (1:1, 2:1, 1:0)
1:0 - 08:54 - Рахманов (Мұхаметов)
1:1 - 14:06 - Хоменко (Александров) ГБ
2:1 - 25:46 - Данияр (Гусейнов, Боровиков)
2:2 - 38:46 - Хоменко (Аипов, Базанов) ГБ
3:2 - 39:57 - Гусейнов (Данияр)
4:2 - 41:10 - Бутенко (Ғатиятов, Боровиков)
Қақпашылар: Кудрявцев - Шарипов

«Номад» «Горнякпен» өткен қарымта матчтың сәтсіз өрбу барысын өзгертуге тырысып, ойын соңында қақпашысын бірнеше рет алаңнан шығарды. Алайда бұл тактика нәтиже бермеді. Керісінше, рудныйлықтар қонақтардың бос қақпасына үш шайба соғып, ірі жеңіске жетті. Валерий Гуриннің еншісінде үш гол мен екі нәтижелі пас бар. Владимир Никитин 42 сейв жасады.
«Горняк» - «Номад» 6:0 (1:0, 1:0, 4:0)
1:0 - 09:23 - Куршук (Гурин, Юлбарисов) ГБ
2:0 - 37:47 - Гурин (Юлбарисов)
3:0 - 42:45 - Стулов (Гурин, Куршук) ГБ
4:0 - 55:43 - Шингареев (Юлбарисов, Никитин) ПВ
5:0 - 57:04 - Гурин ПВ
6:0 - 59:44 - Гурин (Стулов, Манажанов) ПВ
Қақпашылар: Никитин - Дударкиев (Шестаков, 43:29-49:41, 52:12-52:20, 55:43-55:56, 57:04-57:32, 59:44-60:00)

«Бейбарыс» Қарағандыда бірде-бір гол соға алмады. Ал «Сарыарқа» қарсыластарын ереже бұзғаны үшін төрт рет жазалап, қатарынан екінші рет қақпасына гол жібермей жеңіске жетті. Кездесудің басты қаһармандары хет-трик жасап, бір нәтижелі пас берген Руслан Дёмин мен қақпасына бағытталған 24 соққының барлығын қайтарған Данил Кадочников болды. Эдуард Михайлов пен Владислав Никулин әрқайсысы серіктестеріне үш рет нәтижелі пас берді.
«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 6:0 (2:0, 0:0, 4:0)
1:0 - 08:14 - Дёмин (Михайлов, Никулин) ГБ
2:0 - 09:57 - Дюкарев (Никулин, Лихотников) ГБ
3:0 - 44:52 - Дёмин (Шульга, Преснов)
4:0 - 48:59 - Божко (Дёмин, Полохов)
5:0 - 51:05 - Волков (Михайлов, Дюкарев) ГБ
6:0 - 57:24 - Дёмин (Михайлов, Никулин) ГБ
Қақпашылар: Кадочников - Шефер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Arlan
Saryarqa
Gornyak