Бейбарыс Сарыарқаның қақпасына гол соға алмады, Номад маусымдағы 20-шы жеңісіне қол жеткізді

24 qazan
196

Қазақстан хоккей чемпионатында сенбі күні екі матч жоспарланған.

«Номад» Рудныйда «Горнякты» жеңіп, маусымдағы 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Рудныйлықтар 10-шы рет жеңіліске ұшырады. Асанали Русланұлы жеңіс голын соғып, ойындағы соңғы есепті белгілеген Александр Симахинге нәтижелі пас берді. Джохар Дударкиев қақпаға бағытталған 21 соққыны қайтарды. «Көшпенділердің» келесі шайбасы осы чемпионаттағы мерейтойлық 100-ші голы болмақ.

«Горняк» - «Номад» 1:3 (0:1, 1:0, 0:2)

0:1 - 13:07 - Королёв (Китаров, Двуреченский) ГБ

1:1 - 33:25 - Юлбарисов (Гурин, Стулов)

1:2 - 45:29 - Русланұлы

1:3 - 49:13 - Симахин (Русланұлы)

Қақпашылар: Мейдер - Дударкиев

«Сарыарқа» алғашқы кезеңді қарқынды өткізіп, атыраулықтардың қақпасына үш шайба соқты және кейін матчты сенімді жеңіспен аяқтады. Алаң иелерінің екі нәтижелі шабуылына Артём Лихотников (1+1) қатысты. Сондай-ақ мергендік есептерін Владислав Никулин, Дмитрий Преснов, Егор Наместников және Константин Пальмтаг толықтырды. Данил Кадочниковтың еншісінде 19 сейв бар. Владимир Князев шәкірттері үшін бұл жеңіс тұрақты чемпионаттағы 15-ші жеңіс болды.

«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 5:0 (3:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 11:52 - Никулин (Михайлов, Борисевич)

2:0 - 14:37 - Преснов (Сиксна, Лихотников) ГБ

3:0 - 17:02 - Лихотников (Карабань)

4:0 - 20:38 - Наместников (Люлько, Волков)

5:0 - 46:48 - Пальмтаг (Королинский, Пономарёв)

Қақпашылар: Кадочников - Ибрагимов (Шефер, 20:00-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.