Номадтың ҚК-дегі қарсыластары. Земгале

14 qarasha
1018

17 және 19 қараша аралығында француздық Гренобль қаласында Құрлықтық кубоктің Е тобы аясындағы матчтар өтеді. Беделді турнирдің финалдық кезеңіне жолдама үшін қазіргі Қазақстан чемпионы – елордалық «Номад» тартысады.

ҚХФ баспасөз қызметі «көшпенділердің» қарсыластары туралы баяндауды бастайды. Бүгін біз латвиялық «Земгале» командасы туралы әңгімелейміз. Елгава қаласынан шыққан ұжым Латвия чемпионатының қазіргі чемпионы және қазіргі таңда лиганың турнир кестесінде көш бастап келеді. Биылғы маусымда танымал маман Артис Аболстың ойыншылары ішкі біріншілікте 14 матч өткізіп, оның 12-сінде жеңіске жеткен.

«Земгаленің» ең танымал ойыншысы – ардагер Мартиньш Карсумс ҚХЛ-да 12 маусым бойы өнер көрсетіп, 523 матч ойнаған. Команданың биылғы маусымдағы үздік бомбардирі – Гатис Грицинскис (7+12), ол чемпионаттың ең нәтижелі ойыншылары тізімінде төртінші орынды иемденіп тұр. 14 рет пас берген Артур Хомяков лиганың үздік ассистенті болып отыр.

«Земгале» Құрлықтық кубоктің биылғы маусымындағы өз ойынын екінші раундтан бастады. Үй турнирінде латвиялық хоккейшілер румындық «Коронаға» (3:1), бельгиялық «Льеж Бульдогс» (2:1) және словениялық «Целе» (4:1) командаларына қарсы жекпе-жектерде жеңімпаз атанды. Бұл нәтиже С тобында жеңіске жетіп, «Земгалеге» келесі раундтан мызғымас орын әзірлеуіне мүмкіндік берді. 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.