Қазан айының үздік ойыншылары

1 qarasha
1417

Хоккейден Қазақстан чемпионатының екінші айын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Денис Каратаев («Сарыарқа»)

«Сарыарқаға» оралған Каратаев қарағандылық ұжымды ең жоғары орындар үшін жорыққа қосқандардың бірі болды. Қазан айында Денис мұзға 11 рет шығып, Лигадағы қақпашылар арасында ең көп ойын уақытын өткізді (650 минутқа жуық). Оның есебінде 10 жеңіс бар, соққыларының 94,81%-ы тойтарылды және сенімділік коэффициенті 1,91 құрады.

Үздік қорғаушы – Степан Александров («Бейбарыс»)

Бұған дейін Александровты шабуылдаушы шептің қорғаушыларына жатқызу қиын болатын. Алайда қараша Степанның қарсыластың шабуылын бұзып қана қоймай, өз командасына гол салуға көмектесе алатынын көрсетті. Өткен кезеңде ол 12 ойынның 9-ында нәтижелі іс-қимылдармен көзге түсіп, сол уақыт ішінде +7 пайдалылық көрсеткішімен 13 (3+10) балл жинады. Бір қызығы, Александров 2022/23 жылғы маусым бойы өз есебіне дәл сонша ұпай жинаған (4+9).

Үздік шабуылшы – Дмитрий Гренц («Арлан»)

Қазақстан чемпионатына оралғаннан кейін Гренц қайтадан өзін-өзі танытып, «Арланның» басты ойыншыларының біріне айналды. Бапкерлер штабы Дмитрийді барлық ойын өрнектерінде қолданып, форвард нәтижелі іс-қимыл көрсетуде. Өткен айда ол өткізілген 12 матчтың 10-ында ұпай жинады. Хоккейшінің есебінде 8 гол, 8 нәтижелі пас бар, пайдалылық көрсеткіші +13. Шайбалардың жартысын Дмитрий артық құраммен салып, өз соққыларын іске асыруда сүбелі пайыз көрсетті (20,51%).

Үздік жас ойыншы – Даниил Свинтальский («Арлан»)

«Арланға» оралғаннан кейін Свинтальский өз мансабында, оның ішінде ересектер деңгейінде жаңа тарауды бастады. Қазан айында жас форвард +6 пайдалылық көрсеткішімен 4 (1+3) балл жинады және елдің жастар құрамасының бапкерлер штабының көзіне түсті.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.