2019 жылғы Қазақстан кубогі 2012 жылдан бері алғаш рет бір қалада өтті. Турнирдің өткізілуі үшін жауапкершілікті Алматы көтерді. Сондай-ақ Қазақстанның хоккей картасында тағы бір клуб – ақтөбелік «Ақтөбе» ХК пайда болды.
«А» тобында «Бейбарысты», «Ертісті», «Горняк» пен «Астананы» шаң қаптырып, тағы да «Алтай-Торпедо» алға шықты. Финал үшін ойын аса тартысты өткенін атап өту қажет. 1-шіден 4-ші дейінгі командаларды небәрі үш ұпай ажыратты.
«В» тобында 10 ұпай жинап, Кубок финалына алшаңдай басқан «Құлагерге» тең келер ешкім болмады. Ал бестіктің екінші орны үшін қызу тартыс өтті. Нәтижесінде, қосымша көрсеткіштер бойынша «Алматы» «Арланды» басып озды. Қос команда да 6 ұпайдан жинады. Турнир дебютанты «Ақтөбе» бір балға кем жинады. «В» тобының турнир кестесін бір ғана рет жеңіске жеткен «Теміртау» хоккейшілері тұйықтады.
3-4-орындар үшін матчта «Бейбарыс» пен «Алматы» кездесті. Атыраулық ұжым Альберт Вишняковтың, Константин Савенков пен АлександрДзедаевтың арқасында «құрғақ» жеңіске жетті.
Финалдық матчта біз "Алтай-Торпедо" мен "Құлагердің" текетіресін тамашаладық. Қазақстан кубогі финалдарының қалыптасқан дәстүрі бойынша командалар кезекті көрнекі, тартысты матч сыйлады.
Шешуші матчтың бірінші кезеңі аса нәтижелі болды. Ойын барысында Александр Архипов өскемендіктерді алға шығарды. «Құлагер» бұған Денис Стасюктің артық құраммен салған шайбасымен жауап берді. Алайда бірнеше секунд өтісімен Александр Меньщиков Виктор Богатыревтің командасын тағы да алға шығарды. Екінші кезең таблодағы есепті өзгеріссіз қалдырды.
Командалар матчтың үшінші кезеңінде түзелді. 51-ші минутта Дмитрий Исмагилов шайба салып, командаларды овертаймға жібергендей көрінген. Алайда бұл кеште Максим Худяков өз жоспарын жүзеге асырып, матчтың аяқталуына үш жарым минут қалғанда жеңіс голының авторы атанды. Есеп – 3:2!
Осылайша, "Алтай-Торпедо" өз тарихында екінші рет Қазақстан Кубогінің иегері атанды.
Турнирдің қорытындысы бойынша Андрей Янков ("Құлагер") үздік қақпашы, Әділ Бекетаев ("Алтай-Торпедо") үздік қорғаушы, Илья Ахметов ("Құлагер") үздік шабуылшы, үздік жас ойыншы Демид Еремеев ("Теміртау") болды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.