Маусым қорытындысы. Снежные Барсы

1 mamyr
887

Чемпионаттың плей-офф кезеңіне өте алмаған Parimatch-Pro Hokei Ligasy ұжымдары үшін 2022/23 маусымын қорытындылайық. Бүгін «Снежные Барсы» туралы сөз қозғаймыз.

Нәтиже

Чемпионаттың ең жас ұжымы маусым басталар алдында бұрынғыдан да жасара түсті. Қанаты қатайған жігіттер клуб жүйесімен жоғары көтеріліп, «Номадқа» өтті. Ал «Снежные Барсы» командасының негізін 2003-04 жылы туылған спортшылар құрады. Олардың көпшілігі Қазақстан жастар құрамасының өкілдері. Әрине, жас ойыншыларға әзірге тәжірибесі молдау қарсыластарға бәсекелес болу қиын, алайда елордалық ұжым жеңісті ойындардан құр қалған жоқ. Александр Истоминнің ойыншылары төрт матчта жеңіске жетіп, 9 балл жинады. Команда қоржынында – 53 салынған шайба (әр матчта орта есеппен 1,26), пассивте 200 өткізілген гол бар. Қуантарлығы, «Снежные Барсы» өткізілген шайба саны бойынша чемпионаттың ең нашар ұжымы атанған жоқ.

Көрсеткіштер мен деректер

Жас «барыстардың» ең ірі жеңісі 27 қарашада оңтүстік астанада болды. Александр Истоминнің ойыншылары «Алматыны» 5:3 есебімен жеңді. 17 қыркүйек күні елордалық команда Көкшетауда «Арланға» 1:10 есебімен жол берді. Бұл «Снежные Барсы» командасының маусымдағы ең ірі жеңілісі. «Барыс» ойыншылары 12 рет мұздан шайба салмастан кетті, ал қаңтар айының соңында ұжым қатарынан төрт матч бойы гол салмады.

Үздіктер

Қақпашылар шебінде бәрінен көп мұзда уақыт өткізген – Юргис Дубинскас. Ол 1109 минут ойнап, 4,8 сенімділік көрсеткішімен 805 соққының 716-сына тойтарыс берді. Қорғаушылар арасынан үздік нәтиже Климентий Царёвке тиесілі. Ол өз есебіне 9 нәтижелі пас жазды. Алайда мұнда Семён Роевтың орындауындағы 5 голды атап өтпеске болмайды. Ол өз командасының сұрмергендерінің топ-4-тігіне кіреді. «Снежные Барсы» командасының үздік бомбардирі – Даниил Цыбин, оның есебінде 21 (8+13) балл. Бұл ретте форвард бүкіл чемпионат бойы бір ғана ойынды өткізіп алды. 

Қорытынды
«Снежные Барсы» маусымды өз деңгейінде өткізді. Команда өз жүйесіндегі ересек командалар және елдің жастар құрамасы үшін алдағы резервті дайындау сияқты ішкі мәселелерін шешті. Еске сала кетейік, жақында «Барыстың» Pro Hokei Ligasy қатысушылары құрамынан кетіп, Жастар хоккей лигасына оралатыны белгілі болды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.