Владислав Машенькин: «Ойынды байқап, оның беталысын түсіну қажет»

30 naýryz
1482

Қазақстандық хоккей төрешілерінің жұмысы туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.

Владислав Машенькин 2018-2019 жылғы маусымнан бері хоккей арбитрі болып жұмыс жасайды. Биылғы маусымда Қазақстан ересектер және жастар чемпионаттары матчтарынан басқа, ол Каунастегі әлем жастар чемпионатында (II дивизион, А тобы) қызмет етті.

- Владислав, бұл сен үшін алғашқы халықаралық тәжірибе емес, бұл турнирдің сен үшін қандай да бір жаңалығы болды ма?

- Турнир басталар алдында біз топ-дивизиондарда жұмыс жасаған мамандармен жұмыс жасадық. Олар қалай жұмыс жасау керектігін, қандай талаптар қойылатынын айтып берді. Сәл-пәл айырмашылық бар, ал негізінде барлығы бірдей. Бейімделуге тура келеді, алайда бұл шамамен бір жарым, кейде бір кезеңді алады. Халықаралық деңгейге әрбір шығудың алдында мен Астанадағы ойындарда қызмет еттім, сол себепті мен шамамен онда күтіп тұрған жігіттерге төрешілік еттім. Сондықтан бейімделуге көп уақыт кетпеді.

- Өз мансап жолыңдағы ең қызықты матч туралы айтып берсең.

- Егер халықаралық аренадағыны айтсақ, Эстония мен Литва ойнады. Бұл Балтық жағалауындағы ойын болатын, тегеурінді хоккей көрсетті, алайда ережеге сай. Әрқайсысы жеңу керектігін түсінді. Расында жақсы матч болды. Жанкүйерлер мен ондағы атмосфераның кереметтігінен тұла бойың тітіркенді.

- Мінсіз хоккей төрешісі қандай болуы тиіс?

- Меніңше, бастысы – физикалық тұрғыдан жақсы дайын болып, қағидаларды өте жақсы білу қажет. Ойынды байқап, оның беталысын түсініп, күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі тиіс.

- Желілік арбитрдің жұмысында ең қиыны не?

- Ең қиыны деп атауға болмас. Кейде төбелестерді ажыратуға тура келеді. Алайда біз бұған сабырмен қараймыз. Бірінші кезекте кәсіби маман болып қала білу қажет.

- Алдағы уақытқа алдыңа қандай мақсат-міндеттер қойып отырсың?

- Әрдайым өзіме биік межелерді қойып, өзіме босаңсуға мүмкіндік бермеймін. Егер желілік төрешінің жұмысын алатын болсақ, әр маусым сайын финалға жету қажет. Ал болашақта бас төрешілікке өтіп, өз күшімді басқа деңгейде сынап-көргім келеді.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.