Ай қорытындысы

2 aqpan
1689

Хоккейден Қазақстан чемпионатының бесінші айын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Дамир Шаймарданов («Хумо»)

Ташкенттік жас қақпашы өткен айдың ең үлкен жаңалығы болды. Шаймарданов өзінің жеңістер шеруін «Бейбарыспен» матчта бастады, оның барысында өз командасына жеңіс әкелді. Әрі қарай Дамир қатарынан үш «құрғақ» жеңіске жетіп, «Хумо» Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның турнир кестесінде екінші орынға бекіді. Нәтижесінде голкипер қаңтардың қорытындысы бойынша төрт кездесуде төрт рет жеңіске жетті, СК – 0,27, қарсыластың 79 соққысының 78-іне тойтарыс берді (98,73%). Осы материал жарияланған сәтте хоккейшінің «құрғақ» сериясы 190 минут 20 секундты құрап отыр.

Үздік қорғаушы – Денис Григоркевич («Ақтөбе»)

Бұл «Ақтөбенің» ең жақсы айы емес, алайда ұпай қоры плей-оффқа шығу үшін жеткілікті болды. Батысқазақстандық ұжым құрамындағы үздік ойыншылардың бірі – Денис Григоркевич. Қаңтар айында қорғаушы +3 пайдалылық көрсеткішімен 11 (4+7) ұпай жинады. Екі шайбаны Григоркевич артық құраммен салды, Денистің екі соққысы командаға жеңіс әкелді.

Үздік шабуылшы – Артём Валеев («Хумо»)

Өткен айда «Хумо» 16 ұпайдың 15-ін жинады. Осы жетістікке атсалысушылардың бірі – +9 пайдалылық көрсеткішімен 12 (9+3) балл жинаған Артём Валеев. Қаңтар айында форвард өз қоржынына бір хет-трикті жазды. Үш жеңіс шайбасын салып, бір рет қана мұздан нәтижелі іс-қимылсыз кетті.

Үздік жас ойыншы – Тимур Мейдер («Арлан»)

Қаңтар голкипер үшін нағыз табысты ай болды. Мейдер көкшетаулықтардың бірінші ойыншысы атағын түбегейлі бекітіп, өз командасына өзі мұзға шыққан жеті матчтың бесеуін жеңуге көмектесті. Тимур екі рет өз қақпасына шайба жуытпай, бұл ретте 409 минутқа жуық уақыт ойнады. Бұл Лига қақпашылары арасындағы өткен айдың үздік көрсеткіші. Сенімділік коэффициенті – 1,62, тойтарылған соққылар пайызы 91,6 құрады.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.