ҚХФ арбитрлері Беларусьтегі турнирлерде қызмет етті

21 qarasha
1634

Қазақстан мен Беларусь хоккей федерациялары арасындағы тәжірибе алмасу аясында біздің арбитрлеріміз бірден екі турнирде жұмыс жасауға мүмкіндік алды.

Тимур Морев (бас төреші) пен Владислав Машенькин (желілік төреші) «Президенттік спорт клубы кубогінің» Ресейдің, Беларусь пен Қазақстанның жасөспірім командалары қатысқан матчтарында, сонымен қатар Экстралиганың бірнеше кездесуінде қызмет етті. ҚХФ арбитрлері «Шахтер» мен «Лида», «Металлург» пен «Локомотив», «Могилев» пен «Витебск», сондай-ақ «Динамо-Молодечно» мен «Неман» матчтарында жұмыс жасады.

- Бұл кезең айтарлықтай қызу өтті, - дейді Тимур Морев. – Сегіз күн ішінде біз жеті матч өткіздік. Басқа турнирлерге ойысу аса қиын болған жоқ. Жергілікті төрешілер бізді құшақ жая қарсы алып, мән-жайды түсіндірді. Мен басқа елдегі чемпионатта бірінші рет бас төреші болып тұрмын. Жұмыс жағымды әсерлерге толы болғанын айтқым келеді. Матчтардан «Президенттік спорт клубы кубогінің» Ресей мен Беларусь ойнаған финалы есте қалды. Экстралигада «Динамо-Молодечно» мен «Неман» арасында өте екпінді текетірес өтті. Біз үшін мұндай тәжірибе жинақтау өте маңызды. Дамып, өз деңгейіңді көтеруге тырысу қажет, ал лигалар мен федерациялар арасында тәжірибе алмасу бұған көмектеседі.

Қараша айының соңында беларусьтік төрешілер Қазақстанға келмекші. Parimatch-Pro Hokei Ligasy матчтарында Олег Клещевников (бас төреші) және Андрей Горошко (лайнсмен) жұмыс жасайды. 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.