Хоккейден Қазақстан чемпионатының екінші айын қорытындылаймыз. Бұл материалда 1 қарашада ойналған матчтар ескеріледі.
Үздік қақпашы – Вячеслав Нечвиенко («Ертіс»)
Павлодарлық ұжымдағы серпіліске сеп болушылардың бірі – қақпашы Вячеслав Нечвиенко. Өткен кезеңде ол жеті матчтың жетеуінде жеңіске жетіп, орта есеппен 2,13 шайба өткізді. Сондай-ақ ол соққылардың 91,98%-ына тойтарыс берді. Тағы айтып өтетін жайт, Нечвиенконың қақпасына өткен айда 172 соққы бағытталды – бұл Лиганың барлық голкиперлері арасындағы екінші көрсеткіш.
Үздік қорғаушы – Эмиль Нургалиев («Номад»)
Үздік қорғаныс ойыншысы елордалық ұжымның тактикалық схемаларына бірден бейімделіп, өз командасына дереу пайдасын тигізе бастады. Қазан айында Нургалиев сегіз кездесу барысында өз қоржынына +5 пайдалылық көрсеткішімен 9 (3+6) ұпай салды. Матчтардың бірінде Эмиль дубль жасады, оның бір шайбасы командаға жеңіс сыйлады. Мұнан басқа, хоккейші 4 соққыны бұғаттады.
Үздік шабуылшы – Александр Борисевич («Сарыарқа»)
Қазан айында Борисевич қарағандылықтардың басты қозғаушы күші болды. Форвард тамаша кезеңді өткізді – ол +12 пайдалылық көрсеткішімен 24 (9+15) балл жинады. Оның ішінде екі дубль де бар, бұл ретте Александр 12 кездесудің 10-ында нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түсті. Тағы бір маңызды дерек: Борисевич бағыттаған соққыларының 64,4%-ын жетер жеріне жеткізді. Дәл қазір ол – чемпионаттың үздік бомбардирі және Лиганың маусымда 30 ұпайға алғаш жеткен ойыншысы.
Үздік жас ойыншы – Даниил Цыбин («Снежные Барсы»)
Чемпионаттың ең жас ұжымы әзірге елеулі нәтижелер көрсете алмады. Алайда команда әрбір жекпе-жекте тартысып бағуда. Және «Барыс» көшбасшыларының бірі – Даниил Цыбин. Өткен кезеңде ол 7 (4+3) балл жинады. 3 шайбасының үшеуін де форвард артық құраммен салды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.