Апта ойыншысы – Салим Базарбеков

3 qazan
1493

Хоккейден Қазақстан чемпионатының төртінші аптасын қорытындылайық.

Салим Базарбеков өткен кезеңнің ойыншысы атанды. «Бейбарыстың» қақпашысы үйдегі екі матчта «Алматыға» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті, сонымен қатар өз командасына төрт балл жинап, чемпионаттың үздіктер үштігіндегі орнын сақтауға көмектесті. Екі матчта Салим 53 соққыға тойтарыс берді. Қазіргі таңда Базарбековтің шайба өткізбеген жеке сериясы 129 минут және 10 секундты құрайды.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.