Хоккейден Қазақстан чемпионатының алғашқы айын қорытындылаймыз.
Үздік қақпашы – Денис Каратаев («Сарыарқа»)
Каратаевтың қазіргі таңда Pro Ligasy турнир кестесінің көшін бастап тұрған командасының жетістігіне қосқан үлесін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Денис өзі мұзға шыққан 7 матчтың барлығында жеңіске шықты, бір рет құрғақ жеңіске жетті. Голкипер орта есеппен соққылардың 91,5%-ына тойтарыс беріп, 2 шайба өткізеді. Қазіргі таңда ол, сөзсіз, Петерис Скудраның командасындағы нөмірі бірінші ойыншы.
Үздік қорғаушы – Алексей Кириллов («Хумо»)
Қорғаныс ойыншысы ағымдағы чемпионатты тамаша бастады: өзінің тікелей міндеттерін орындап қана қоймай, шабуылдарға да белсене араласты. Кириллов өткізген 6 матчтың 5-еуінде ұпай жинады, олардың үшеуінде Өзбекстаннан келген ұжым жеңіске жетті. Қазір Алексейдің активінде 6 балл (3+3) бар, пайдалылық көрсеткіші (+4).
Үздік шабуылшы – Данила Карабань («Арлан»)
Қыркүйекте форвард әр матчта 2 балдан жинап, таңғажайып нәтижелілік көрсетті. Бұл ретте Карабаньнің активінде 10 салынған шайба бар (+5 пайдалылық көрсеткішімен барлығы 16 ұпай). Оның ішінде екі хет-трик бар. Өткен айда Данила мұздан бір рет қана нәтижесіз қайтты. Дәл қазір ол – Лиганың үздік бомбардирі.
Үздік жас ойыншы – Антон Осокин («Торпедо»)
«Торпедоның» бапкерлер штабы Осокиннің жасына қарамастан оны ересектер чемпионатына белсене қатыстыруда. Қыркүйекте Антон 4 матчқа шығып, өз командасына 2 рет жеңіске жетуге көмектесті. Бұл ретте голкипер матч сайын 2,2 шайбадан өткізіп, соққылардың 94,5-ына тойтарыс береді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.