Назарларыңызға хоккейден Қазақстан чемпионатының бірінші айының кейбір статистикалық қорытындыларын ұсынамыз.
«Сарыарқа» – әзірге Лиганың бір де бір балл жоғалтпаған жалғыз командасы. Қарағандылықтар чемпионат басында 8 матчтың барлығын негізгі уақытта жеңіп, жақсы ұпай қорын жинап алды. Петерис Скудра ойыншыларының қорғаныстағы ойынын атап өткен жөн. «Сарыарқаның» пассивінде әзірге 14 өткізілген шайба – бұл Лигадағы үздік көрсеткіш.
Әрі қарай көшбасшылар үштігіне Батыс Қазақстанның екі ұжымы кірді. «Бейбарыс» пен «Ақтөбе» 13 балдан жинады. Қосымша көрсеткіштер бойынша атыраулықтар жоғарырақ тұр.
«Арлан» чемпионат басында ең нәтижелі хоккей көрсетіп келеді. Команда 36 шайба салды, алайда үш рет жеңіліске ұшырады. 10 ұпайымен көкшетаулықтар төртінші болып келе жатыр.
Кубоктік сегіздікті 8 балл жинаған «Торпедо» тұйықтайды. Дәл осындай көрсеткіштермен қыркүйекті Қазақстан чемпионатына оралған «Хумо» мен «Горняк» аяқтады.
«Алматы», «Номад», «Ертіс» пен «Снежные Барсы» плей-офф аймағынан тыс қалды. Алайда алғашқы үш команданың әлі де үміті болғанымен, чемпионаттың ең жас ұжымы сегізінші орыннан 6 ұпайға артта қалып келе жатыр.
17 қыркүйекте «Арлан» түзде «Снежные Барсы» командасын 10:1 есебімен жеңді. Қазіргі таңда бұл – чемпионат басындағы ең ірі жеңіс.
29 қыркүйекте Атырауда қыркүйек айының нәтижесі ең төмен жекпе-жегі өтті. «Бейбарыс» «Алматыны» минималды 1:0 есебімен жеңді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.