Апта матчтары

26 qyrkúıek
891

Назарларыңызға Қазақстан чемпионатының төртінші аптасының алдағы жекпе-жектерінің аңдатпасын ұсынамыз.

Ойын кезеңінің негізгі текетіресі елордада өтеді, онда «Номад» «Сарыарқаны» қабылдайтын болады. Соңғы екі маусымда бұл командалар ұдайы плей-оффта кездесіп отырды және екі ретте де қарағандылық ұжым басым түсті.

«Горняк» қазіргі чемпионнан екі рет жеңілгеннен кейін «Ертіспен» ойнап, өз жағдайын жақсартуға тырысады.

Өзінің түздегі сапарын «Торпедо» жалғастырады. Келесі аялдама – Петропавл.

«Арлан» мен «Снежные Барсы» осы айда екінші рет кездескелі отыр, алайда енді кездесу Көкшетауда өтеді.

«Ақтөбе» мен «Хумоның» да жекпе-жектері қызықты өтуі тиіс. Батысқазақстандық ұжым үздіктер үштігінде, ал ташкенттіктер әзірге өз ойынын таппай келеді. Сол себепті де плей-офф аймағынан тыс қалып отыр.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.