Апта ойыншысы – Артём Подшендялов

26 qyrkúıek
1884

Хоккейден Қазақстан чемпионатының үшінші аптасын қорытындылайық.

Өткен кезеңнің ойыншысы ретінде «құлагерлік» Артём Подшендялов танылды. Өткен аптадағы екі матч барысында петропавлдықтардың форварды 6 (2+4) балл жинады. Артём осымен бес ойын қатарынан нәтижелі ойынымен көзге түсіп, чемпионаттың үздік бомбардирлері тізімінің жоғары қатарын иеленіп отыр.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.