22-24 қарашадағы матчтардың аңдатпасы

21 qarasha
1311

Жексенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында кезекті ойын кезеңі басталады.

Қатарынан бес рет жеңіске жеткен «Сарыарқа» Петропавлға қонаққа барады. «Құлагер» де соңғы матчтарда жаман ойнап жатқан жоқ. Троицкийдің командасы алты ойынның төртеуінде жеңді.

Өз алаңында «Сарыарқадан» екі рет жеңілген «Арлан» чемпионат көшбасшыларының бірі – «Номадпен» ойнайды.

«Алматы» өз алаңындағы ойындар сериясын «Снежные Барсы» командасымен кездесуден бастайды. Елордалық ұжым соңғы ойындарда мүмкіндіктерді уыстан шығарып алып жүрді. Команда 10-нан астам кезең бойы гол сала алмай келеді.

Лиганың көшбасшысы «Торпедоны» алғашқы жеңілісіне ұшыратқан "Алтай Торпедо" жақында ғана бас бапкері ауысқан «Ертіспен» кездесуге жақсы көңіл күймен келе жатыр.

«Снежные Барсы» командасымен ойында қақпасына шайба өткізбестен жеңген «Ақтөбе» өз алаңына оралды. Енді Коршковтың ойыншылары «Горнякпен» ойнайды.

«Теміртау» «Бейбарыспен» қарымта ойын өткізу үшін Атырауға аттанады. Аптаның басында командалар металлургтар қаласында кездесіп, ұпайларын бөліскен болатын.