Қазақстан хоккей федерациясы 15 және 16 қыркүйек күндері оңтүстік астанада өтуі тиіс болған «Алматы» - «Номад» матчтарының өтпеуімен байланысты жағдайды түсіндіреді.
PRO HOKEI LIGASY Чемпионаты Регламентінің 6-тарауының 31-бабына сәйкес, барлық матчтар Чемпионат күнтізбесі белгілеген мерзімде (күні және сағаты) өтуі тиіс. Матчты басқа мерзімге (күн және/немесе сағат) ауыстыруға айрықша жағдайларда рұқсат етіледі:
- форс-мажорлық жағдай туындағанда;
- матчқа қатысатын командалардың өзара келісімі және Республикалық жарыстар өткізу бөлімінің міндетті келісімі бойынша.
Хоккейшілердің сырқаттануы «форс-мажор» деген анықтамаға жатпайды, оның үстіне қонақтар медициналық мекемелерден растаушы құжаттар ұсынған жоқ және клубтар матчтарды ауыстыру туралы өзара келісімге келмеді. Осыған байланысты «Номадқа» 0:5 есебімен техникалық жеңілістер есептелді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.