Апта матчтары

20 qyrkúıek
996

Назарларыңызға Қазақстан чемпионатының үшінші аптасының алдағы жекпе-жектерінің аңдатпасын ұсынамыз.

Лиганың аралық көшбасшысы «Сарыарқа» түздегі матчтар бағдарламасын ашады. Қарағандылықтар өз сапарын Рудныйдан бастады. Еске сала кетейік, Петерис Скудраның ойыншылары биылғы чемпионатта әзірге ұпай жоғалтқан жоқ.

«Арлан» керісінше алғашқы үй матчтарын өткізеді. Көкшетауда «көкжалдарға» қарсы «Номад» ойнайды. Өздерінің бомбардирлік есептерін чемпионаттың ең нәтижелі ойыншылары, «көкшеліктер» құрамында өнер көрсететін Артём Лихотников пен Данила Карабань толтыра алады.

Аптаның негізгі кездесулері Атырауда өтеді, онда Pro Ligasy көшбасшыларының бірі «Бейбарыс» чемпионатты жақсы бастаған «Хумоны» қабылдайтын болады.

«Снежные Барсы» «Торпедоға» қарсы үй матчтарында ағымдағы чемпионаттағы алғашқы балын иеленуге тырысады. «Құлагердің» «Ертіспен» ойыннан кейін өзінің турнирдегі жағдайын түзетуге барлық мүмкіндігі бар. 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.