Апта ойыншысы – Евгений Гасников

19 qyrkúıek
1318

Хоккейден Қазақстан чемпионатының екінші аптасын қорытындылаймыз.

Өткен кезеңнің ойыншысы ретінде «ақтөбелік» Евгений Гасников танылды. Тәжірибелі шабуылшы өз командасына чемпионат басында максималды 8 балдың 7-еуін жинауға көмектесті. Ал хоккейшінің өзі өткізілген төрт матчтың әрбірінде нәтижелі ойын көрсетті.

Айтып өтетін жайт, дәл Евгений салған шайбалар «Ақтөбе» оң нәтижемен аяқтаған барлық матчтарда жеңіске жеткізді. Жалпы алғанда, өткен аптада спортшы +4 пайдалылық көрсеткішімен 7 (4+3) ұпай жинады, ал оның командасы чемпионат үздіктерінің үштігінде.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.