Турдың қаһарманы – Дмитрий Мальгин

20 qarasha
1390

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы болып «Ақтөбенің» қақпашысы Дмитрий Мальгин танылды. Ол елордада өткен "Снежные Барсы" – "Ақтөбе" матчтарының басты қаһарманына айналды.

Екі ойын бойы Мальгин бір де бір шайба өткізбей, 58 сэйвті өз активіне жазды. Осының арқасында Алексей Коршковтың ойыншылары екі рет жеңіске (1:0 және 4:0) жетіп, турнир кестесінің соңғы қатарынан жоғары көтерілді.